
Алла Тағала жұмақтық құлдарына түрлі тағамдарды нәсіп еткен. Алайда олар ас-суды қарын тойғызу үшін емес, рахаттану үшін яғни ләззат алу үшін ішіп-жейді. Бұл жайлы қасиетті Құранда айтылған:
«Дүниеде істеген игіліктерің үшін ерекше тәбетпен ішіп-жеңдер, ас болсын!» («Мурсәләт» сүресі, 43-аят).
«Оларға көңілі соғып, тәбеті тартқан жеміс-жидек пен еттің түр-түрінен мол қылып береміз» («Тур» сүресі, 22-аят).
«Оларға алтын табақтар мен (бал татыған алуан түрлі сусындарға толы) кеселер тасыған жұмақ қызметшілері оларды айналсоқтап, сый-құрмет көрсетеді. Онда көңіл соғатын, әрі көздің жауын алатын нәрселердің бәрі бар. Сендер онда мәңгі-бақи қаласыңдар» («Зухруф» сүресі, 71-аят).
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.09.2016
4383
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру