Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ершат ОҢҒАРОВ: Діни ахуалды нығайтуға жасалған нақты қадам

15.09.2016 4311 0 пікір

Жаңа министрліктің құрылуы қазақ қоғамындағы діни ахуалды реттеуге, оның тұрақтылығын нығайтуға жасалған нақты қадам. Аталмыш министрлік қазіргі күнде экстремизм мен терроризм тудырған қауіп-қатерді сейілтуде пәрменді шешімдер қабылдап, осы бағыттағы жұмысты реттеуге ықпал етеді деген үлкен үміт бар.

Бүгінгі қоғам осынау сындарлы сәтте оның белсенді қызмет көрсетуін  күтеді. Сондықтан министрліктің жұмысына жетістіктер тілеймін.

Әрине, қандай да бір жаңа бастамаға сыни көзқараспен қараушылар көп болады. Дегенмен, мұның барлығы бүгінгі қоғамның дамуына кедергі болып, халықтың қалыптасқан тұнық діни түсінігіне сына қағылған тұста ел игілігі үшін қолға алынған шара, қабылданған шешім.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен мемлекет арасындағы ынтымақтастық байланысты дамыта түседі деген сенімдемін. Жұмыс онан әрі жандана түсуі тиіс.  Сондай-ақ, ведмоствоның ашылуы жаңа, тың идеяларды жүзеге асыруға берілген мүмкіндік.

Қазір министрліктің штаттық құрылымын Президент Әкімшілігімен бірлесе үйлестіру бұйрығы берілген. Осы орайда жаңа ведомстволық құрылымның оңтайлы түзілуіне сәттілік тілеймін.

Сонымен қатар, министрліктің атауы және негізгі құрылымдары өте дұрыс, сәтті таңдалғанын атап өткім келеді. Әрі функционалдық міндеті мен жұмыстары, бағыттары да дұрыс белгіленген. Әсіресе, азаматтық қоғамның жаңа ведомство құзіретіне берілуі дұрыс шешім деп білемін. Қазіргі уақытта жат ағымдардан төнген қауіпке қарсы күресте азаматтық қоғамның белсенділігі аса қажет. Өйткені, мұндай қоғамның кеселімен күрес тек белгілі бір мекеменің немесе Мүфтият пен мешіттің ғана міндеті емес. Бұл келеңсіздіктерге қарсы бүкіл ел болып жұмыла жұмыс жасау керек. Сонда ғана жұмыс жемісті, іс нәтижелі болмақ.

Ершат ОҢҒАРОВ,

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің xатшысы,

теолог, PhD докторы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру