Исламдағы қасиетті үш орынның бірі болған Құдыс қаласы әйгілі Әл-Ақса мешітінің ұзақ жыл директоры болған шейх, доктр, әл-Нәзір Дәуіт Қасан-Ахмет ән-Нәжих мырза «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының шақыруымен қазақ топырағына аяқ басқан еді. Қасиетті жерден келген дін қызметкерімен жүздесіп, сұхбаттасу мүмкіндігі нәсіп болған еді....
– Қазақ жеріне хош келіпсіз?
– Бисмилләһи рахмани рахим. Рахмет. Қасиетті мекеннен қазақ топырағына қадам басқаныма ерекше қуаныштамын. Елдеріңіздің имандылығы, дамып келе жатқан діни құндылықтар, заманауи өркениетке ұмтылған елдеріңіз мені де қызықтырды. Қазақ жеріне келуіме себепкер болған «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясы. Ұзақ жылдар қажылық сапарын ұйымдастырып, мыңдаған бауырларымыздың қасиетті Құдыс қаласына зиярат жасауға жағдай жасап отырған компания басшысы, бауырым, досым Аманкелді қажының шақыртуымен отбасымызбен арнайы сапарға бел будық. Неше күннен Астана қаласының заманауи келбетіне көз айым болдым. Алда, қазақ даласының шұрайлы жерлерін аралап, діни құндылықтарды өмірлік ұстаныма айналдырып, дәстүріне сіңірген қазақ бауырларымының дәстүрімен, өмірімен танысуды жоспарлап отырмын.
– Өзіңіз жайлы білгіміз келеді?
– Мен – шейх, доктр, Нәзір Дәуіт Қасан-Ахмет. Палестина мемлекетінің Құдыс қаласынанмын. 1958 жылы дүниеге келдім. Құдысда университетті бітірдім. Өз салам бойынша, магистура және доктрлық қорғадым. Ұзақ жылдар бойы Ислам әлеміндегі үшінші қасиетті мекен Құдыс қаласындағы әйгілі Әл-Ақса мешітінің директоры (бас имамы) болдым. Қазіргі кезде, аталмыш орынның оқу бөлімнің меңгерушісімін. Бүгінгі таңда 6 ұл, 6 қыздың әкесімін.
– Қасиетті Құдыс қаласы жайында айтып берсеңіз...
– Енді өздеріңіз білесіздер Құдыс қаласы Палестина жастарының астанасы. Құдыс қаласы – Ислам дініндегі үшінші қасиетті орын. Көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған жер. Мекке-Медеинеден кейінгі киелі өлке. Бұл қалада Ислам әлеміне әйгілі әл-Ақса мешіті мен Омар (р.а) әмірімен Пайғамбарымыз миғражға көтерілгенде ауаға барып келген тас (сахра) үстіне салынған Қуббатус-Сахра мешіті бар.
Қасиетті Құдыстың бұл жерлерінде көптеген пайғамбарлардың іздері қалған. Іргетасын ең алған адамзаттың атасы Адам (ғ.с.) өз қолымен қалаған. Кейіннен Яғқұб (Жақып) (ғ.с.), Дәуіт (ғ.с.) тұрғызған. Одан кейін Сүлеймен (ғ.с.) үйлкейтіп қайтадан салған мешіт. Яхя, Иса (ғ.с.) пайғамбарлардың балалық шақтары да осы әл-Ақса мешіті маңында өткен. Бұл қала жайында таңды таңға соғып әңгіме дүкен құруға болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) Миғраж кешінде әуелі, әл-Ақсаға келіп, барлық Пайғамбарлар намазға тұрған. Сол жерден жеті қат көкке көтеріледі.
Сонымен қатар, Пайғамбарымыздан (ﷺ) кейінгі Ислам тарихының барлық кезеңдерінің ізі қалған әсем қала.
Ал, Қуббатус-Сахра жайында айтатын болсақ. Қуббатус-Сахра мешітінің күмбезінің астында «ауаға барып келген тас» орналасқан.
636 жылы Құдысты азат етілгеннен кейін Омар (р.а.) бұйрығымен осы мешіттің іргетасы қаланған «Омар мешітінің» негізінде қалыптасқан Ислам әлеміндегі байырғы мешіттердің бірі. Мұсылмандардың көпшілігі әлі күнге дейін бұл тасты ауада қалқып, жерге тимей тұр деп ойлайды. Негізінде, олай емес. Ол тас «сахра» деп аталатын үлкен жартас. Тастың астында үңгір бар. Ол үңгір «Мағратул әнбия(Пайғамбарлар үңгірі)» деп аталады. Үңгірдің ішінде намаз оқыған адамға тас төбесінде тұрғандай әсер етеді. Бірақ ауда қалқып тұрған жоқ, жерге тиіп тұр.
Пайғамбарымыз (ﷺ) осы тастың үстінен көкке көтерілген. Кейбір ғұламалардың айтуынша, бұл тастың ауаға көтерілгені рас делінеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) тастың өзімен бірге көтерілгенін көріп: «Орныңа қайтып бар!»,-деп бұйырған. Сонда бұл тас ауадан орнына қайтып келген., бірақ ауада қалып қойған жоқ.
Бұл Құдыс қаласының тағы бір ерекшелігі – бұл жерде айтқан дұға тілектердің бәрі қабыл болады. Бірақ енді тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, 1948 жылы Құдыс қаласының бір бөлігі еврейлерге қарап кетті. 1967 жылы Палестинаның біраз жерін евбрейлер өзеріне қаратып алды. Яғни Құдыс қаласы Израил мемлекетінің қол астына қарап қалды.
Өкінішке орай сол Құдыс қаласы Израил мемлекетінің қол астында қалып қойды. Құдыс қаласында 350 мың мұсылман араб тұрады. Өздерінің отаны сол жер. Енді қазір Израил мемлекеті сол арабтардың көбейіп кетуінен қорқып, үлкен дуал (қабырғамен) бөліп тастаған.
– Қазір Таяу Шығыс десе көз алдымызға соғыс пен тұрақсыздық елестейді, бұған не себеп?
– Енді ол анық мәсле. Ол – Құдыстағы Әл-Ақса мештіті. Мешіт мұсылмандардікі болғанмен, еврейлердің ішінде мындай бір жамағат Әл-Ақса мештітін бұзып оның орынына өздерінің ғибадатханасын салғысы келеді. Еврейлердің арнамы осы. Сондықтан, бұл жерде күрес әлі жалғасып келе жатыр. Бірақ бір Аллаға сенімі бар мұсылмандар еврейлердің ол армандарын орындата қоймас...
– Әл-Ақса мешітінің ерекшелігі неде?
– Жоғарда атап өткеніміздей бұл мешіт исламдағы үшінші қасиетті орын. Бірінші Мекке, екінші Мәдине, үшінші осы Әл-Ақса мешіті. Бұл мешітте оқылған бір намаздың сауабы 500 намазға тең және бұл жерде айтылған дұға-тілектердің барлығы қабыл болады. Сондықтан осында зират етушілерге дұрыс зиярат ету мақсатында.. Әл-Ақса мешітінің қасиеті жайлы білігісі келген адамдарға және сонда зиярат етушілерге арнап кітап жаздым. Оның ішінде қалай құлшылық қылыу керек, қалай зиярат ету керек барлығы толық қымтылған.
Әлсіз де болса, Пайғамбарымыздан (ﷺ) жеткен хадистердің бірінде «Кімде-кім бұл дүниеде жәннаттың тасын көруді жақсы көрсе, сахраға қарасын» деген еді.
Яғни бұл жәннат тасы болып есептеленеді. Бір жағынан ол Әл-Ақсаның ортасы болып саналады. Сол себепті Әбдул-Мәлік Мәруән сахра тасынан мешіт тұрғызған. Ол мешіт Құдыстағы ең шырайлы мешіттердің бірі.
Барлықтарыңызға осы қасиетті орынды зиярат етіп, барлық пайғамбарлардың ізі қалған киелі өлкеге табан тигізуді Алла нәсіп етсін.
– Әумин. Сәлихалы сұхбатыңыз үшін рахмет.
Сұхбаттасқан: Оразбек САПАРХАН
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.08.2016
6968
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру