
Ислам - жер бетіндегі бейбітшілік, адамгершілік, тыныштық діні. Адам атаулы бұлай тұрғанда жан-жануарға, қоршаған айнала табиғатқа мейіріммен қарауға шақыратын асыл дінімізді, елімізді Ақтөбедегі, кешегі Алматыдағы ланкестік әрекеттер елімізді дүр сілкіндіріп отыр. Санаулы адамдардың сауатсыз, надан әрекеттері себебінен еліміздегі бүкіл мұсылман атауылысына қара күйе жағылды. Жығылғанға жұдырық дегендей еліміз кеше ғана болған Ақтөбедегі оқиғадан кейін енді есін жинап келе жатса енді Алматыдағы оқиға тағы орын алды. Ланкестік әрекеттер себебінен қаншама бейкүнә адамдар жапа шекті, адам өлтіру қылмыстары орын алды.Бұндай нәрселер асыл дініміздің ұстанымдарында бар ма. Әлбетте жоқ. Өйткені Алла Тағала Қасиетті Құранда:
وَلَا تَقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُمْ رَحِيمًا (29) وَمَنْ يَفْعَلْ ذَلِكَ عُدْوَانًا وَظُلْمًا فَسَوْفَ نُصْلِيهِ نَارًا وَكَانَ ذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرًا
Тағы бір аятта:
مِنْ أَجْلِ ذَلِكَ كَتَبْنَا عَلَى بَنِي إِسْرَائِيلَ أَنَّهُ مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الْأَرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا
"Осы себептен Исраил ұрпақтарына: "Кім кісі өлтірмеген не жер бетінде бұзғыншылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шын мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады, ал кім оны тірілтсе адамдардың барлығын тірілткендей болады ", -деп жаздық. " (Мәйдасүресі, 32-аят). [1]
Тәпсір кітабында:
يقول تعالى : { مِنْ أَجْلِ } قَتْل ابن آدم أخاه ظلما وعدوانًا: { كَتَبْنَا عَلَى بَنِي إِسْرَائِيلَ } أي: شرعنا لهم وأعلمناهم { أَنَّهُ مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الأرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا } أي: ومن قتل نفسًا بغير سبب من قصاص، أو فساد في الأرض، واستحل قتلها بلا سبب ولا جناية، فكأنما قتل الناس جميعًا؛ لأنه لا فرق عنده بين نفس ونفس، { وَمَنْ أَحْيَاهَا } أي: حرم قتلها واعتقد ذلك، فقد سلم الناس كلهم منه بهذا الاعتبار؛ ولهذا قال: { فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا }
Алла Тағала айтады { مِنْ أَجْلِ } - "осы себептен "- яғни Адамның ( ғ.с) екі ұлының бірі екіншісін зұлымдық және дұшпандықпен өлтіру себебінен,
{ كَتَبْنَا عَلَى بَنِي إِسْرَائِيلَ } -" Исраил ұрпақтарына жаздық" - яғни Оларға бұйырдық және білдірдік.
{ أَنَّهُ مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الأرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا} - "Кім кісі өлтірмеген не жер бетінде бұзғыншылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шын мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады, ал кім оны тірілтсе адамдардың барлығын тірілткендей болады" - яғни кімде - кім қасас болмай немесе жазықсыз бір адамды өлтірсе немесе сол адамды өлтіруді өзіне халал санаса яки себепсіз адам өлтіретін болса немесе жер бетінде бұзғыншылық жасамаған біреуді өлтірсе - расында ол бүкіл адамдарды өлтіргенмен тең болады. Өйткені Алланың құзырында бір адам мен қалған тірі адамдардың арасында айырмашылық жоқ.
وهكذا قال مجاهد: { وَمَنْ أَحْيَاهَا } أي: كف عن قتلها.
Сол секілді Мужаһид айтты: { وَمَنْ أَحْيَاهَا } - "ал кім оны тірілтсе" - дегенді оны өлтіруден бас тартса- деп түсіндірген.
وقال الحسن البصري: { فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا } قال: وزرًا. { وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا } قال: أجرًا. [2]
Пайғамбарымыз хадисінде :
أكبر الكبائر : الاشراك بِاللهِ ، وَقتلُ النَفسِ، عُقوق الوالدين، وَ قَول الزورِ
"Үлкен күнәлардың үлкенірегі: Алла Тағалаға ширк келтіру (ортақ келтіру), адам өлтіру, ата-анаға қарсы шығу, өтірік сөз айту " - деген. [3]
Ислам бейбітшілікті уағыздайтын дін болса, мұсылман баласы сол бейбітшілікті өзінің отырып-тұруында, сәлемі мен сөйлеуінде, өзгелермен қарым- қатынасында, қысқасы, әрбір іс- әрекетінде іс жүзінде көрсетуші тұлға болмақ. [4]
Жоғарыдағы аят, хадистерімізде келгендей адамды өлтіру аса ауыр күнәлардың бірі . Олай болса, қаншама бейкүнә адамның жанын қиып ел тыныштығын бұзған лаңкестік, террористік әрекеттер исламға, Құранға, мұсылманшылыққа жата ма? Әлбетте бұл әрекеттер Исламша қайшы . Бұл әрекеттер - табиғатымызға жат діннің ағымына бой алдырғандардың , исламды бетперде ететіндердің, Ислам дінінің атын жамылып түрлі бұзақылыққа баратындардың істері. Шынайы Құранға , сүннетке амал етуші жан бұндай қылмыстарға ешқашан бармайды.
Ақтөбе мен кешегі Алматыда болған ланкестік әрекеттер Дін - Исламның ұстанымдары на қайшы келетін әрекеттер болып табылады. Сонымен бірге бұл ланкестік әрекеттер мемлекетке қарсы шығу, мемлекет басшылығына қарсы бас көтеру болып табылады. Ал бұған Ислам шариғаты үзілді - кесілі тиым салады. Мысалы басшыға бағынуға қатысты Құранда:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آَمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الْأَمْرِ مِنْكُمْ
"Ей! мүминдер! сендер Аллаға бойұсыныңдар, Пайғамбарға бойұсыныңдар әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де " -делінген. (Ниса сүресі, 59-аят). [1]
Имам Тахауида өзінің ақида кітабында :
ولا نرى الخُروجَ على أئمَّتِنا وَ وُلاةِ أُمور نا ، وَ إنْ جارُوا، وَلا ندعُو عليهمْ، و لا نَنْزع يدا مِنْ طاعتِهمْ ، وَ نرى طاعتهمْ مِنْ طاعة اللهِ عز و جل فَريضةً، ما لمْ يأْمرُوا بمعصيةٍ، وندعو لهمْ بالصلاح و المعافاةِ
"Біз имамдарымыз бен әмірлерімізге қарсы шығуды мойындамаймыз, тіпті олар қателессе және әділетсіздік жасаса да . Біз оларды лағнеттемейміз және оларға бойұсынудан бас тартпаймыз. Біз оларға бағыну арқылы Ұлыжәне құдіретті Аллаға бағынамыз дегенге сенеміз. Ал оларға - бойұсыну - барлық нәрседе міндетті, егер олар күнә істейді бұйырмаса ғана. Біз үнемі Аллаға оларды тура жолға салсын және есендік берсін деп жалбарынамыз"-деген екен. [5]
Қазыбек бидің мына сөзі ойыма оралады:
Алтың ұяң - Отан қымбат
Құт - берекең -атаң қымбат
Аймалайтын - анаң қымбат
Асқар тауың -әкең қымбат
- дегендей құрметті оқырман қауым өзіміздің дінімізді, елімізді, отанымызды, көздің қарашығындай қорғайық. Олардың өркендеп гүлденуіне қолымыздан келгенше ат салысайық. Асыл дінімізді халқымызға тек жақсы жағынан көрсетейік. Алла елімізді барша пәле -жаладан , түрлі апаттардан сақтасын.
Руслан Тыныштықұлы, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. " Құран -Кәрім" кітабы
2. "Ибн Касир тәпсір" кітабы
3. "Пайғамбарымыздың таңдаулы хадистер жинағы" кітабы
4. "Жұма мінбері" кітабы
5. " Тахауи Ақидасы" кітабы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.07.2016
5263
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру