Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбедегі жағдайдың исламға еш қатысы жоқ

09.06.2016 4186 0 пікір

Бүгінде барша қауым Ақтөбедегі оқиғаға қанық болып, оның астарына үңілуде. Біреу салафиттер исламның өкілдері десе, енді біреулер мұны қарақшылық топтың әрекеті беп бағалауда.  Шынында да, бұл қаныпезер топтың артында кім тұр?-деген сауал туындайды. Оны әркім әр саққа жүгіртеді. Меніңше, жамандық атаулыны исламға телу батыстық саясаттың қитұрқы түрі екенін естен шығармаған жөн. Кезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ислам әлемге емес, әлем исламға қауіп төндіріп тұр» деген жоқпа еді.

Ендеше бұл дін атын жамылғанқарақшы топ біз ұстанатын исламнан алшақ жатқанын айтуға тиіспіз. Мен де Алланың қалауымен қажылық парызымды өтеп қайтқан жанмын. Бірақ, біздер үшін қасиетті Рамазан айының дәл алдында мұндай қатігездікке шын мұсылман адам еш уақыт бармайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның бір хадисінде басқаға тілімен де, қолымен де зиянын тигізбеген мұсылман ғана шын мұсылман екенін айтқанын білеміз. Олай болса, шынайы мұсылман осылай қатігездікке барар ма еді.

Бұл барып тұрған жауыздық қой. Қаншама бейбіт тұрғындар опат болды. Өзінің әскери борышын өтеп жүрген жас қыршын ше? Ол да біреудің жан баласы емес пе еді. Неге оған оқ атты. Бұл мұсылмандықпен қалай сыйысады. Сондықтан мұндайлардың астарын исламнан емес, басқадан іздеген жөн.

Сөзімнің соңында барша қауымды сабырлылыққа шақырып, арам пиғылды арамзалардың апанына түсіп қалмайық дегім келеді. Еліміздің тыныштығынан құнды, одан маңызды ештеңе жоқ.

Марат ҚОЙШИН,

 Ақмола облыстық ұлттықспорт

 түрлері бойынша спорт мектебінің

 директоры.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру