Бұзылған ортадан улы жыланнан сақтанғандай сақтан. Жаман орта, улы жыланнан да қауіпті екенін ұмытпа.
Өмірге біріңғай тегіс деп бір жақты қарауға болмайды. Кейде асау аттай тулап тұратын кездері де болады. Мұндай сәттерде саған басу (сабырлыққа шақыратын), жаныңа желеу болатын достарың болсын. Олар сүрінгенде сүйеу, жығылғанда демеу, қажет болса арқасына арқалап жүретін болсын...
Жалғыз шапқан жаудан қорғануыңа болады, бірақ қалың жауға жалғыз қарсы тұра алмайсың. Жабыққан көіңлді жұбататын, бір сілкініп алатын ортаң болсын.
Мұсылман – түскен ортасының жетегіне еріп кете баратын адам емес, түскен ортасын артынан ертетін адам. Осы тұрғыдан қарағанда оны айналасына жарық шашып тұратын нұрға ұқсатуға болады. Егер осылай әсер ете алсаң, иманың орнында деген сөз.
Жамандықты істеп үцренуден сақтан. Бұл өлімді сынап көргенге ұқсайды. «Өлімді бір рет сынап көрейін, егер ұнамаса екінші мәрте өлімге жуымаймын» деп айта алмайтының белгілі. Күнәні сынап көруге болмайды. Барлық адамның жаман дегені сен үшін де жаман. Не нәрсенің жаман, не нәрсенің жақсы екенін белгілеп беруші Алла Тағала екендігіне сенімің нық болсын. Иман дегеніміз осы емес пе?
Дүниедегі барлық нәрсе адам үшін жаратылған. Олар саған берілген рызық. Рызығыңды іздеу адал, ысырап ету арам.
Тек қана адам емес, сені қоршаған табиғатқа да көңіл аудар. Табиғатпен діндес екеніңді ұмытпа. Олар сезімсіз дін бауырың болып есептеледі. Ағашты шауып тастап қиямына (тіке тұруына), ешкімге зияны жоқ жануарды өлтіріп тастап рукуғына (иілуіне), бір стакан суды ысырап етіп сәжде етуіне тосқауыл болма. Сені қоршаған орта Алла Тағаланың саған берген аманаты. Оған қиянат жасаушы болма.
Дайындаған:
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.08.2015
5305
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру