Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пайдалы кеңес: ӘДІЛЕТТІ БОЛУ

26.08.2015 7587 0 пікір

Әділетті бол. Әділет – үкімет пен өкіметтің рухы. Кез-келген жағдайда мейлі дос, мейлі дұшпаның болсын әділдіктен ауытқыма. Әділетсіз адамға сенім артуға болмайды. Ол сенімсіз адамға айналады.

Әділдік хикметті (даналықты) талап етеді. Әділеттіліктің антонимі зұлымдық. Зұлымдық – қандайда бір істің реті мен орнын ауыстыру. Ал хикмет дегеніміз істің реті мен орнын табу. Адамдар әділетсіздікті көбінесе ғашықтары мен ұнатпайтын адамдарына қарсы істейді. Ғашық болу адамды соқыр қылады. Ғашығының қателігін көрсетпей тастайды. Оны түзету мүмкін емес. Ашуланғанда да солай. Ашуланған адамыңның барлық жақсылығын ұмытып шыға келесің. Әділетсіздік деп осыны айтса болады. Көздері көр қылатын ғашықтық пен жеркеніш адамға жабысқан бәлекет.

Жазықсыз жапа шеккендерге қол ұшын бер. Оның қандай адам екенін тексеріп жатпа. Оларға қол ұшын беру өмірлік мақсаттарыңның бірі болсын. Әділет ұстайтын тұтқаң, мейірімділік әдетің, ақиқат өзегің, зұлымдық дұшпаның, залым өштесің болсын.

Саған залым не болмаса жазықсыз жапа шегуші бол деген екі талап қойлатын болса, залым емес, жапа шегуші болуды таңда. Себебі, залым болғаннан жапа шегуші әлдеқайда артығырақ.

Қол астындағыларыңа әділетті бол. Басшы болсаң әділеттілік қазынаңның негізі, шебер болсаң әділеттілік мүлкіңнің негізі, отағасы болсаң әділеттілік жанұяңның негізі, имам болсаң әділеттілік жамағатыңның негізі болсын.

«Залым мен жапа шегуші бауырыңы жәрдем бер». Жапа шеккенге жәрдем берудің жолы оған қоқан лоқы көрсеткенге қарсы тұру арқылы болмақ. Ал зұлымдық көрсеткен бауырыңа қалай жәрдем беруіңе болады? Әлбетте оған деген ең үлкен көмегің, оны зұлымдықтан шығару болмақ. Бұл бауырлық борышың.

Зұлымдықты көрсе де көрмегендей болып көз жұмуды, Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «шайтанға» теңеген. Шайтан болғанда да «тілсіз шайтан». Тілсіз шайтан болудан сақтан.

Ислам діні қысылтаяң кезде белгілі бір мөлшерде ішімдік ішуге, шошқаның етін жеуге рұқсат бергендігін ұмытпа. Бірақ қандай жағдай болмасын зұлымдыққа рұқсат бермеген. «Мемлекетке зиян келмесін» деп зұлымдыққа жол бергендер Алла Тағаланың азабына душар болады. Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жеткізген құдси хадисте Алла Тағала: «Зұлымдықты Өзіме де арам қылдым», – деген. 

Дайындаған:
muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру