Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Иғтикаф жайында не білеміз?...

07.07.2015 11756 0 пікір

Бүгін сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (С.А.У.)-ның сүннеті болып табылатын маңызды құлшылық иғтикафқа басталатын күн. 

Иғтикаф дегеніміз – жамағатпен намаз оқылатын мешітте немесе мешіт үкіміне кіретін бір жерде Аллаға жақындау мақсатымен, белгілі уақытқа ниет білдіріп, ешқайда шықпай құлшылық ету. 

Иғтикаф уәжіп және бекітілген сүннет және мұстахаб болып үшке бөлінеді. Иғтикафқа кіруге нәзір (серт берілген) етілген болса уәжіп болады. Рамазан айының соңғы он күнінде жасалған иғтикаф бекітілген кифая сүннет. Рамазаннан басқа уақыттарда ғибадат-құлшылық ниетімен иғтикафқа кіру мұстахаб.

Иғтикафтың шарттары: Иғтикафқа кіретін адам ақыл-есі дұрыс, жүніптіктен, хайыз және нифастан тазарған, иғтикафқа шынайы ықыласпен ниет еткен болуы керек. Иғтикаф мешітте немесе мешіт аумағына кіретін орында болуы керек. Уәжіп иғтикафта ораза ұстау керек.   

Иғтикафқа кірген адам мешіттен себепсіз сыртқа шықса немесе әйелімен жақындасса иғтикафы бұзылады. Егер мешіт төңірегіндегі діни шаралар немесе зәрулік себебімен мешіттен шықса иғтикафы бұзылмайды...

Толығырақ ақпарат алу үшін: Иғтикаф – құлшылықтың төресі сілтемесі арқылы көре аласыздар.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру