Бірде бір сахаба Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) есінде қаларлық, қысқа ғана кеңес беруін сұрайды. «Ашуланба»,- деді Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.) Әлгі адам өтінішін бірнеше рет қайталайды әрі әр кезде ол Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ашуланба!»,- деген жауап алады». (Сахих Бұхари, 76)
Ашу – адамдарға сыртқы әлемнен қорғану үшін берілген табиғи әрі сан қырлы сезім. Егер оны саналы істерге пайдаланар болса, ол жақсы нәтижелер береді, алайда оны игере алмаған жағдайда құрдымға кетіреді. Ашу жоқ дегенде екі адамды бақытсыз етеді.
Бізді дұрыс түсінбеген жағдайда, біздің қалауымыз қанағаттанбаған кезде немесе қауіп төнгенін сезгенде, я болмаса біздің бағалы нәрсемізге, немесе жақынымызға қысым көрсетілсе, қандай да бір мақсатқа жетуге кедергі келтірер болса - біз ренжиміз. Бұл сезім өзімізді қорғау барысында мазасыздық, жек көрушілік, кек сақтау секілді сезімдерге жол ашады. Мәселені шеше алатын жағдай тудыру үшін бізге ашу тудырған мәселенің негізгі себебін түсініп алу қажет. Ашу сезімі мәселені шешуге кедергі келтіріп қана қоймайды, ол өзімізді жалғыз әрі бейшара етіп сезіндіреді. Ал, ондай сезім ашуды үдете түседі. Нәтижесінде біз шектен шығып кетеміз.
Зорлық, - бұл атау нашар, теріс әрі сансыздықпен жасалған ашу түріне қолданылады. Бұл амал адамның өзін де, айналасындағыларды да құртады. Ол адам мен қоғамды бір- біріне дұшпан етеді. Ол физикалық және психологиялық ауру және қоғамдық күйзелістерді тудырады.
Аристотель былай деген: «Кез келген адам ашуланады. Мұны жасау, оңай. Алайда дәл уақытында, тиісті адамға дұрыс ашулану – екінің бірінің қолынан келмейді, ол оңай емес».
Сезімді ұғыну мен сезімнің алмасуы – екі жағдай қоян қолтық жүреді. Ұғыну – негізгі ептілік, қалған сезімдердің басқарылуы осыған байланысты болады. Мысалы, байсалдылық. Адамның ашуы келгенін түсінуі, ашуға салынудан гөрі оған үлкен рухани бостандық береді. Егер адам артқа қадам басып, жағдайға кеңірек қарар болса және де ол жағдайды жақсы ойда талқылар болса ашудың отын өшіре алады.
Сулеймен ибн Сурад (оларға Алла разы болсын) былай дейді: «Бірде мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанында отырған едім. Қасымызда бір- бірімен дауласып жатқан екі адам болған. Біреуінің жүзі қызарып, ашудан күре тамыры шығып кетті. Мұны көрген Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мен ашуды басатын бір сөзді білемін. Егер адам: «Қуылған шайтанның жамандығынан Аллаға сиынамын» дер болса, ашуы басылады». Қасында отырған сахабалар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кеңесін ашуланған адамға жеткізді». (Бұхари, Адаб, 4476). Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кеңесі әлгі сахабаға жеткен кезде, ол тынышталып, өз- өзіне келіп былай дейді: «Менің есім ауып қалды ма? Маған не болды?» дегендігі жетеді. (Риәдус—Салихин, 6, 265 б).
Мақаланың бас жағында келген хадисті кейде былай айтып жатады: «Ашуланба, себебі ашу- амал мен сезімдерді бұзады», ал кейде: Ашуланба, Жәннаттық боласың!» (Риәдус-Салихин, 6, 268 б).
Орыс тілінен аударған Azan.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2015
5481
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру