Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арман Қуанышбаев: Кешірім сұрау мәселесі

03.05.2015 5630 0 пікір

Кешірім – кешірген адамның дәрежесін көтеріп, барар орнын ұлық етеді. Кешірімді адам біреуге зиянын тигізбейді, өзгеге көмек беруге дайын тұрады. Кімде-кім кешірімшіл болса, бұл дүниеде – бақытты, ал ақыретте сый көреді.

Асылында, кешірімшіл болу – көркем мінезділіктің белгісі. Бұл жайлы қазақтың біртуар тұлғаларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді:

Біреудің мінін кешірсең,
Құдай да сені кешеді.
Бірін де қылмай есірсең,
Төбеңді әлі-ақ теседі.
Көңілі жұмсақ адамның,
Күрмеуін тағдыр шешеді.
Пейілі жаман адамның,
Орыны дайын деседі.

«Кешірімділік – анадан, кішіпейілділік – данадан», - деген қазақ халқы асыл қасиеттерді Ислам дінінің құндылықтарымен байланыстырған. Сондай-ақ, «Жақсылыққа жақсылық - әр  кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі», - деген де сөз бар.

Дініміздің талабы бойынша, араздасқан екі мұсылманның өкпе-реніші үш күннен аспауы керек. Ол үшін сіз ренішіңізді ұмытып, шын жүректен Алла үшін кешіруіңіз керек. Мұсылмандар бір-бірімен мүміндігінше араздаспағаны абзал. Өйткені мұсылмандар – бір-біріне бауыр. Ақиретте мұсылман бауырларымен араздасқаны үшін де сұралады. 

Арман Қуанышбаев

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру