Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әсет БЕКТҰР: Уақыт – Өмір – Мүмкіндік

13.03.2015 7567 0 пікір

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де  білмей қалыппысың?

(Хәкім АБАЙ. Он бесінші қара сөз) 

Тартылыс күшінің әсері

Тартылыс күшінің уақыт ағынына әсері ерекше. Мәселен уақыт тартылыс күшіне жақындаған сайын баяулай түседі. Зерттеушілер атом сағатының көмегімен теңіз деңгейінде, тау басында, ұшақта уақыттың әр түрлі болатынын анықтаған. Тіпті оның айырмашылығы наносекунд қана болуы мүмкін.

Уақыт мәңгілік емес

Адам баласы уақыт өлшемін кеңістік пен қозғалыс арқылы ғана анықтай алады. Islam.kz ақпарат көзі осы мәселеге қатысты Planet Today порталына сілтеме жасай отырып: «Испандық ғалымдар жылдамдық алған сайын Жер жүзін кеңейте түсетін "қара энергия" жоқ деген тұжырымға келді. Олардың пайымынша, материя да жоқ, ал уақыт деген ұғым санамыздан мүлде жойылуы мүмкін»,- деп жазады.

Әлемге танымал ғалымдар Хосе Сеньовилла, Марк Марс пен Рауль Вера миллиардтаған жылдардан кейін уақыт жоғалып кетеді деген тұжырымға келіп, осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер жазған болатын.

Олардың бұл идеясын негізсіз деп айтуға да болмайды, себебі уақыт жылдамдығының бәсеңдеп бара жатқаны баршаға аян дүние, алайда уақыттың мүлде тоқтайтыны туралы күні бүгінге дейін ешкім ғылыми мәлімдеме жасамаған екен. Бұл теорияның шынайылығы уақыттың бәсеңдеуіне ғана байланысты емес.

Кэмбридж университетінің космологі Гэри Гиббонс те уақыт тығырыққа таяп қалды дегенге қосылатын тәрізді. Себебі, оның айтуынша, уақыттың өзі Үлкен жарылыс салдарына пайда болған, яғни сол уақыттан бері кері құбылыстың орын алуы ғажап емес, деп жазады Planet Today порталы.

«Уақыт жойылады» деген тұжырымның қаншалықты "қорқынышты" естілгеніне қарамастан, ғалымдар адамзатты қатты алаңдамауға шақырады. Себебі бұл құбылыс бірнеше миллиардтаған жылдардан соң орын алатын көрінеді. Ол кезде, ғалымдардың айтуынша, адамзат та, Жер шары да болмайды.

Біз өткен шақта өмір сүреміз бе?

Нейробиолог Дэвид Иглманның (David Eagleman) айтуы бойынша адам баласы 80 миллисекунд өткен шақта өмір сүреді. Адам болып жатқан оқиғаны доли секундтан кейін ғана қабылдай алады.

Атом сағаты

Ғалымдар уақытты дәл өлшеу үшін атом сағатын ойлап тапқан болатын. Әлемде уақытты дәл анықтайтын сағатты АҚШ-тың стандарттау және технология институты жасап шыққан. Ол сағат атомдардың қоғалысына дейін анықтайды екен.

Ғалымдардың айтуы бойынша сағаттың дәлдігі сонша тіпті 300 миллион жылдан кейінде  бір секундтта қателеспейтін көрінеді.

Уақыт жайлы қызықты деректер

Ғалымдардың айтуы бойынша:

-         Тышқан 3 жыл өмір сүреді, ал, тауықтар 10 жыл, мысықтар 21 жыл, жылқылар 40, кейбір балықтар 49 жыл, пілдер 70 жыл, алып тасбақа 150 жыл, киттер 200 жыл ғұмыр кешеді екен.

-         Наносекунд – секундтың миллиардының бір бөлігі. Бұл фемтосекунд (10−15 с), аттосекундпен (10−18 с) салыстырғанда өте үлкен уақыт болып есептеледі.

-  Кванттық теорияның айтуына қарағанда уақыттың ең аз бөлшегі 0,0000000000000000000000000000000000000000001 секундты құрайды - екен. Ол - планк уақыты деп аталады.

Уақыт – өмір. Уақыт – мүмкіндік. Уақыт – құндылық. Хасан Басри: «Уақыт – өмірдің нақ өзі», – депті.

 Уақыттың ағысына ешкім де, еш нәрсе де төтеп бере алмайды. Судың, жарықтың ағысы... тынады, сөнеді, өшеді. Одан төменгі заманның, қоғамның, тарихтың ағысы өзгереді, түрленеді... Тіршіліктің үздіксіз өзгерісіне – баянсыз уақыт қана куә. Алла Тағала уақыттың құнын білетін мұсылмандар туралы «Муминнун» сүресінің 3-аятында: «Олар бос және пайдасыз істерден аулақ жүреді»,- делінген.

Күнтізбелер, жыл санаулар, ғасыр басы, мыңжылдықтар бәрі-бәрі шартты деректер. Әлденемен қатысты өлшемдер, салыстырмалы болжамдар. Уақыттың алды да, арты да – белгісіз. Белгілісі дәл осы сәтте көз алдымызда уақыт сырғып өтуде. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру