Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жасанды түсік – жаһан қасіреті

03.03.2015 5486 0 пікір

Өздеріңізге белгілі, әр­бір қыз баласы, ол – ер­тең­гі ана. Ал, ана бір қолымен бесікті, екінші қо­лы­мен әлемді тербететін қа­сиетке ие. Әйтсе де, бү­гін­де осыны түсінбестен, қа­дамын шалыс ба­сып,­ абы­­ройына нұсқан келтіріп, өз­ тағдырына балта шауып жүрген қаракөз қарындаста­ры­мыз да жоқ емес 

Сол аруларымыздың некесіз бала кө­­теріп, құрсағындағы шарананы жа­санды түсік жолымен алып тас­тап жат­қаны, әрине, қоғам үшін қасірет емей немене?! Себебі, сол қыздарымыз, бі­­р­іншіден, некесіз қатынасқа барып күнә жасаса, екіншіден, бойға біт­­кен шарананы жасанды түсік жо­­лымен алдыру арқылы тағы да ең­­­ үлкен күнәға жол ашуда. Демек, ұлт болашағы, ұрпақ жалғасы бол­­­ған қыздарымызды аждаһадай жал­­мап бара жатқан «некесіз қаты­нас», «жасанды түсік жасату» мә­­селесіне мұсылман баласы бей­-жай қарауға тағы болмайды. 

Бұл жолға кімдер барады?

Ең алдымен осындай қадамға «кім­­­дер барады?» деген сау­ал­­­ кім­­­-кімді ­де маза­ла­ры анық. Әл­­бет­те, бүгінгі қоғаммен жанамалай айтсақ, ау­ылдан ар­ман қуып кел­­ген кейбір қаракөз қыз­ ба­лалар қала тір­ші­лі­гіне келген­де­ алды-артын еш бағам­­да­мас­­тан, қу­­лығы басым көше жі­­гіт­тер­інің арам пиғылын адал кө­­ріп, олар­ға алданып қа­­ла­ды. Алда­нып­ қана қалмай, күнә­нің құр­­­баны бо­лады. Ар-абыройы тө­гі­ліп, ой­ламаған жер­ден бойына бала бі­тіп, амалы құрыған қыздың не­ іс­тері тағы бел­гі­лі. Амал жоқ, жасанды жол­­мен түсік жасатудың жолын із­­­дейді.Себебі, әке-шешесіне ай­­­та алмайды. Осыған дейінгі әре­­­­кетке баруға ұялмаған қыз амал­­­­сыз­дан­ әке­-шешесінен қор­қып,­­ Алла алдында да, ар ал­дында да­­ қылмысын жа­сырмаққа әрекет ете­­ді. Бойына біткен, тек дүние есі­­­гін ашпаған сәбидің өмірін қия­­­ды. Міне, мұның барлығының не­­­­гізгі дерті – имандылықтан алыс бо­­­лудың нәтижесі. Егер от басы, ошақ қасында әрбір ата-ана ұл мен­ қыз­­ға обал-сауап, жақсы-жа­­­ман де­ген­­дерді айтып отыр­са, мұн­дай лас әре­­кеттер қо­ғамда орын алмас еді. 

Қалай айығуға болады?

Ал мұндай арды таптап, ұлт болашағына қауіп төндіретін опасыз індеттен қалай айығуға болады? Бұл­ тұста ұлт­­тық тәрбиенің рө­лі зор. Ұлттың бо­­лашағы бүгінгі қыздарымыз, ер­теңгі ана­лар екенін бабаларымыз кө­­ре­гендікпен айтып кеткен. Сон­дық­­тан да қыз тәрбиесіне ерекше кө­­ңіл бөлген. «Қызының өзі үйде, қы­лығы түзде» бола­тынын білген ата­ларымыз «қызға қырық үйден тыйым» сал­ған. Сондықтан біз де­­ «ауырып ем іздемей, ауырмай­тын жол іздеуіміз» керек. Ең ал­­ды­мен, жастардың бойына ру­хани тәр­­биенің дәнін егіп, иман­­дылық пен ибалылыққа тәр­­биелеуге мін­де­т­тіміз. Ар­дақты пайғамбарымыз Мұ­­­хаммед (с.а.у): «Өз ба­ла­ла­рың­ды­­ бағып-қағудан қор­қып, ри­­зы­­ғын­­ тауып беруді қиын­сы­нып, оны өл­тірмеңдер» деп ес­кер­ту­­де. Ал, атам қазақ: «Дү­ние­ге бір­ қозы келсе,­ бір түп жу­сан ар­тық­ шы­­ғады» деп хайуанек­еш хай­уанның өзі нә­пақасыз қал­май­тын­­дығын меңзеп кеткен. Демек, мұның жа­нында ақыл ие­сі – адам ба­­ла­сы­ ар­-абыр­ойын аяқ­­ас­ты ет­пей ад­ал, ақ некесімен дү­ниеге сә­­би әкелер болса, бұл бір­ бақыт емес пе?! Ал, дүниеге кел­ген сә­би ри­­­зық-несібенің артуы­на се­беп бо­лары сөзсіз ақиқат. Шал­ ақын: «Пер­зент сүймей адам­­ның­ мейі­рі­мі қан­бас» де­се, ха­кім­ Абай: «Адам­ның бір­ қы­зығы ба­ла де­ген» деп дү­ниеге сәби әке­лу­дің на­ғыз ба­қыт екенін айтқан. 

Бұл мәселеге Ислам діні қалай қарайды?

Ислам дінінде жасанды түсік жа­­­сату үлкен күнә болғандықтан түбегейлі тыйым салы­на­­ды. Тек бір ғана жағ­дайда рұқ­сат­ етіледі. Егер өмір­ге сәби әкелу ба­­ры­сын­да ана ден­­сау­лы­ғына сон­­дай қа­тер төн­се ғана баланы алдыртуға бо­­лады. Негізінде, ана құр­­­са­­ғын­дағы сә­биге Алланың қа­­лауымен жан беріледі. Сосын­ ол­ кәдімгі адам, тірі жан болып есеп­те­леді. Ол кезде оны ал­дыр­туға мүл­дем болмайды, оны ал­­дырту ең­ үлкен күнә болып са­­нала­ды. Қа­зір­гі күні кей­­бір­ дә­­рігерлер тү­сік жасатуды жа­сы­рын­ саудаға, та­быс көзіне ай­­­­нал­­дыр­­­са,­­ ал, қыздар жағы, тіп­ті,­ олардың ата­-ана­лары «ба­ланы ал­ды­­рып тас­­та»­ деп кү­нә­лі іске өз­дері итер­ме­­леу­де. Шындап келгенде, ата-ана балалары­­на­ кішкентай­ ке­зі­нен кү­­­­­нә, обал, сауап де­гендерді үй­­­ре­­тіп­­, түсіндірген­де, мұн­дай­ масқа­­­ра­­­шы­­лық­­қа­ тап­ бол­мас­ еді­.­ 

Ол үшін…

Жанұя, қоғам болып жасанды түсікті жасатудың жолын емес, сол жолға қыз балаларды апармаудың мәселесін қарастыру керек. Сондай-ақ, жастарымызды имандылыққа, адамгершілікке, арлылыққа тәрбиелеп, кішкентайынан тәнін-жанын рухани тазалыққа үйрету қажет. Сонда ғана жаһанның қасіретіне айналған жасанды түсіктен аман болып, өсіп-өнген пайғамбар үмметінен табыларымыз ақиқат.

 Қайырбек Отызбаев,
«Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру