Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) арнау

05.01.2015 5449 0 пікір

Жүрегі пәк, иманы нық, бауырым!
Бастап берген дін исламның дәуірін -
Пайғамбардың туған күні бұл Мәуліт,
Нұрға бөлер мұсылманның қауымын. 

Жырға қостым пайғамбардың ғұмырын,
Мен де Расул үмметінің бірімін.
Ислам үшін Оның жаны шырылдап,
Бүтіндеді хақ сенімнің сынығын. 

Дұшпандары таратса да түрлі дін,
Үмметінің көптігі мен бірлігін,
Аңсады ғой пайғамбарым мәңгіге,
Орнасын деп ұрпағына нұрлы күн. 

Пайғамбардың сөздеріне иландым,
Жүрегі оның - бұлағындай иманның.
Құтты болсын туған күні - бұл Мәуліт,
Мұсылманның басын бірге жиған күн! 

Бір Аллаға деген іңкәр үмітпен,
Талай қатты жүректерді жібіткен.
Мұхаммедтей кемеңгер өр тұлғаны,
Айтшы, бауыр, бұрын-соңды біліп пе ең?! 

Пайғамбардың қасиетін ұғындым,
Өмірі оның - өзеніндей ғылымның.
Ықыласпен мәпелейік бәріміз,
Сара жолын Салушысын дінімнің.

 

Бақыт ЖАЙСАНБАЕВ
Шамалған медресесінің ұстазы, исламтанушы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру