Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ханафи мен Матуриди – екеуі бір ұғым

08.12.2014 4458 0 пікір
Біз «ханафи» мен «матуриди» ажырамас ұғымдар екенін түсінуіміз керек. Адам фиқһта ханафи, ал ақидада муджассим немесе Ибн Тәймиянің ізбасары болуы мүмкін емес. Бұлар ажыратып қарауға жатпайтын дүниелер, себебі ақида болсын, усул фиқһ болсын, фиқһ болсын – осы мектептен шыққан және өз бастамаларын имам Әбу Ханифа (Алла оны рақымына бөлесін), салып кеткен негіздерден алады. Сол себептен, егер адам матуридиліктер қалап кеткен Әхлі сүннет үәл жамағат ұстанымынан асып: «Өз сенім-нанымымда «сәләфимін», ал фиқһта «ханафимін» десе, ол адам шиғалардың мәзһабын алып: «Мен шиғамын, фиқһта «жағфари», ал ақидада «Әхлі сүннетпін», немесе «ибадия» ақидасын алып: «Ақидам «ибадия», ал фиқһым «мәлики» деген адаммен тең.

Яғни, сен ақиданы бір мектептен алып, фиқһты екінші мектептен аласың... Олай болмайды. Себебі фиқһ болсын, ақида болсын, усул фиқһ болсын, барлығы белгілі бір имамдар қалап кеткен негіздерден алынады. Сондықтан да, егер адам өзін «ханафимін» деп есептеп, бірақ ақида мәселесінде Ибн Тәймияға еруші болса, ол шын мәнінде ханифилік емес. Ол айла үшін, өзінің бір мақсаттары үшін, айналасындағылар жаман көзбен қарамас ұшін «ханифилік» болып, өз сенімін жасырын түрде тарату үшін жасап жүрген әрекет – бұл белгілі бір мәзһаб таралған нақты елді мекенде жасап жүрген алдаудың құйтырқы тәсілдерінің түрі.

Абу Әли Әшғари
azan.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру