Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Тұжырымдама" - келешекке кемел қадам

28.11.2014 5224 0 пікір

Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасының қабылдауы мәні өте зор және уақытылы қабылданған ресми құжат. Мен біраз жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы өкіл имам, алқа мушесі, президиум мушесі және қызметкері болғандықтан, оның атқарып жатқан істерінен хабардармын.

Сол себепті асыл дініміздің, тіршілік тынысы, діни басқарманың сан қырлы қызметі мен оның дамуы жайлы өз пікірімді және көз қарасымды білдіруге құқығым  бар деп есептеймін. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылғаннан бастап күні бүгінге дейін оның тыныс тіршілігімен таныспын десем қателеспеймін. Тұжырымдамада мешіттерде айтылатын уағыздардың сапасы, дін мәселелерімен қатар рухани тазалық, Ислам дінінің қоғамдағы орны мен рөлі, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық, діни бірлік және адамгершілік қасиеттерін насыхаттау, діни ағартушылық, қайырымдылық жұмыстарды сапалы, тұрақты және тиімді жүргізу. Сондай ақ жалпы стратегияны, исламдық діни қызметті, соның ішінде Республика аумағында ханафи мазхабының ұстанымына сәйкес, діни іліммен тәжірибені дамытудың тетіктері мен оларды жузеге асыру жолдары, «Имам Ағзамның өмірі мен өнегелі өсиеттері» секілді т.б. тақырыптар қамтылған.Осыған байланысты ой салып, мен Ханафи мазһабы тұралы өз пікірімді білдіргенді жөн көрдім.

Әбу Ханифа мазһабын берік ұстанған адамдар, оның ішінде біздің ата – бабаларымызда «Ислам қылышы» атанып, ең мықты мұсылмандар болғаны тарихтан белгілі.

Ислам дінінің кенінен қанат жайып, ғылымда, өнерде және мәдиниетте әлемдік өркениеттің жоғары сатысына жетуіне баға жетпес үлес қосқандар осы мазһабтың өкілдері десек, қателеспейміз. Осы жолда болған қазақ даласында XII ғасыр бойы мұсылмандар арасында діни қайшылықтар болған емес.

Өмір мен тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, дамып келеді. Пайғамбарымызбен бірге болған көптеген сахабалар және төрт ұлық Халифасының дінге деген кейбір ерекше көзқарастарының әсерімен дінімізде түрлі–турлі мазһабтар (діни мектеп, жол) пайда болды. Осы мәселелер сонғы жылдары жастар арасында тусінбеушілік туғызып, жамағат арасында көкейкесті мәселеге айналып кетті. Оның үстіне Ислам дінің жою мақсатында іштей іріткі тудыратын әртүрлі ағымдар дуниеге келді Ислам құндылықтарын білмейтін ондайлардың басшылары барынша атақ құмар, қыныр діни сауаты барынша төмен. Солардың көпшілігі қазақ даласында бурын болмаған діни дәстүрлерді өздері оқыған, яки болған жерлерінен алып келіп, Имам Ағзам мазһабына күмән келтіріп, тіпті теріске шығарып: «мазһаб жоқ, кімде – кім мазһаб жолымен журсе суннет жолынан адасады» деп тіл тигізіп те жатыр. Осындай ағымдардың әсерімен адасып, діннең терең білім алмаған кейбір қандастырымыз да ата – бабамыз ұстанған мазһаб жолына күдік келтіріп, «Имам Ағзам деген кім өзі» деп тас лақтыруда.

Осындай қиын кезенде осының барлығына түсінік беріп жол көрсету ушін Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қабылданған «Тұжырымдамасы» көп нәрсеге қандастарымыздың көзін ашып, түсінік береді деп ойлаймын.

Жер жүзінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен оның сахабаларының айтқандарына негізделген «Әһли суннат уалжамағат» деген жолды устанған төрт мазһабтың барлығы баршаға мәлім. Оның ішінде «Ханафи» мазһабының негізін қалаған Имам Ағзам (р.а) Абу Ханифа ибн Сабит, «Малики»мазһабының негізін қалаған имам Малик ибн Анас (р.а.) «Шафиғи» мазһабының негізін қалаған имам Мұхаммад ибн Идрис аш – Шафиғи (р.а) «Ханбали» мазһабының негізін қалаған имам Ахмад ибн Ханбал (р.а.)

Сондықтан мазһабты жоққа шығарып жүргендерді дінді терең білмейтіндер немесе оның жолдарын қасақана бұзатындар деп түсінген дұрыс. Ал төрт мазһаб ғасырлар бойы Исламды қорғап, оны бүгінгі күнге дейін аман әрі толық жеткізді. Тұжырымдамада діни істер тек ғибадатпен шектелмей, Исламның ғылыми сипатын көтеруге, діни кадрлар дайындау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын болады.

Тұжырымдамада оқу, білім мәселесіне айрықша көңіл бөлінген.

Жаңа Бас Мүфтиіміз қызметке кіріскеннен бері ҚМДБ мен басқа мұсылман елдермен қол қойылған өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде шет елдерде оқып жатқан шәкәрттерінің нақты саны белгіленіп олар тізімге алынды.

Бас Мүфтиіміз "әл-Азһар" университеті, басқада шет елдегі оқу орындардың басшылығымен келіссөз жүргізіп, бір қатар оқү орындармен келісім шарттарға қол қойылды. Бұрын оқуға барған шәкірттер әркім өз бетімен қай жерге барғысы келеді, сонда барып оқитын еді.

Тұжырымдамада бірте-бірте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барлық облыстық орталық мешіттерінде кітапханалар ашылып, ол кітапханаларда нағыз Имам Ағзам мазхабын насихаттайтын кітаптар оқытылуы өте маңызды іс. Құдайға шүкір, бүгінде елімізде 1 университитет, 10 медресе, 2 қарилар орталығы жұмыс істеуде. Болашақта осы оқу орындардан шыққан мамандардың қызметінің жемісін көретініміз анық.

Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен  құрылған республикалық ақпарат-насихат тобы Қазақстанның түкпір-түкпіріне аралап, көптеген келелі кездесулер өткізді. Астана қаласында  да осы топтың бір мүшесі ретінде жоғары және орта оқу орындарының студентерімен жүздестік. Осы ақпараттық топтардың қызметінің нәтижесі болар басқа жат ағымдарда жүрген бауырларымыз райынан қайтып, өз жолын тауып, мазһаб жолына түскеніне куә болудамыз. Бұл – өте қуанышты жағдай. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының көмегімен мыңдаған Қазақстан азаматтары қасиетті Мекке, Мединаға барып қажылық парыздарын өтеп қайтты. Соңғы жылдары міндеттерін абыроймен атқарып, Республика мұсылмандарының алғысына бөлінуде. Дегенмен тұжырымдамада қажылық жұмыстарын ретке келтіріп, ҚМДБ–ның жанынан қажылықпен айналысатын бірігей орталық ашуға қол жеткізу өте манызды іс деп айтуға болады. Қорыта айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алға қойған игі мақсатын орындап, дінімізді жас мемлекетіміздің рухани тіректерінің біріне айналдыру, халқымызды имандылыққа, тазалыққа шақыру, Тәуелсіз Еліміздің әлем қауымдастығындағы беделі мен абыройын арттыру секілді игі қызметін және діни істерді жандандыруды әрі қарай да өркениетті жолмен жалғастыра береді деп сеніміз.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төралығына Бас Мүфти болып Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің сайлануымен біраз игі істер атқарылып жатыр. Бүгінгі қабылданған діни басқарма қызметін дамыту Тұжырымдамасын барлық халық болып, имамдар мен ұстаздар, халқымыздың жарқын болашағы үшін, Ислам дінінің өсіп–өркендеуі жолында барлығымыз бірлесіп жұмыс  істесек, біз алмайтын қамал жоқ.

Алла Тағала дінімізді көркейтіп, халқымызға амандық, егемен елімізге тыныштық және ісімізге береке берсін. Әумин! 

Яхияқажы Абдоллаұлы,
«Шейх Кунта қажы» мешітінің Бас имамы,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру