
Қазақ – дәстүр мен дінді ұйыстырған халық. Дәстүріміздің төркіні қаншалықты тереңде жатса, тарихымыздың тамыры да сондай алысқа тартады. Бұл сөзіме дәлел де, дәйек те жетіп артылады деп ойлаймын. Сан ғасырлық тарихымызда ұлтымыз талай белестерді бағындырып, талай асулардың шыңынан көрінген. Азап пен қасіреттен де кешегіміз кенде емес. Осындай ұланғайыр құндылықтарымызды жоққа шығарғысы келетіндер бой көтеріп жүргені де жасырын емес. Міне, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бағыт» атты Жолдауында сондай жат пиғылды жандардың аузына құм құйды деп ойлаймын. «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық.
Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда». Бас құжаттағы осы жолдардан шежіреміздің айқындығын, тарихымыздың таңбалылығын, кешегіміздің кереметтігін көреміз. Ең бастысы, бүгінгі буын сондай құндылықтардан үлгі алып, бабалар жолын қасиет тұтады.
Тағы айта кетерлігі, біздің мақтан тұтар мемлекетімізде тыныштық бар. Ұлттар достастығын әлемге үлгі етіп келеміз. Бұл – Ислам талап ететін үлкен міндеттердің бірі. Асыл дініміз алалауды құптамайды. Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан өзінің зайырлылығымен қоса, мұсылман мемлекеті екенін айшықтап көрсетуде. Өйткені, осынау байтақ даланы мекен еткен сан ұлтты халықтың жетпіс пайызға жуығы - дәстүрлі дініміздің өкілдері. Барлығының тілегі, ниеті, бағыты бір. Ендеше, Президенттің сарабдал саясаты жалғасын тауып, қарқынды дамуымыз қадамын үдете бермек.
Қуат Ерғалиұлы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.11.2014
3999
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру