Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бағыт – айқын, меже - белгілі, болжам - нық

14.11.2014 4156 0 пікір
Серікбай қажы Ораз
ҚМДБ наиб мүфти,
«Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы

Қазақ жұрты қарышты қадамын жалғастыруда. «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауы бұл сөзімізді растай түсті. Келесі жылға арналған бас құжаттан еліміздің экономикалық-әлеуметтік өрлеуінің бағдарының дұрыстығын айқын көреміз. Және мемлекет басшымыздың көрегендігіне тағы бір мәрте көзіміз жете түседі. Неге? Өйткені, дәл қазіргі әлемдегі ахуалды қай жағынан алып қарасаңыз да, күрделене түскеніне дау жоқ. Қаржы дағдарысы, девальвация, әлеуметтік мәселелер, тіпті, діндердің тыныс-тіршілігіне дейін. Ал мұндай жағдайда тек байыптылық пен дұрыс шешім ғана қажет.

Қазақстан тағы бір сындарлы сәтті басынан өткермек. Алайда, бұдан да сүрінбей шығатынымызға сенім мол. Себебі, бағыт – айқын, меже – белгілі, болжам – нық.

Әлбетте, дін қызметкеріне экономика, саясат, әлеумет тақырыбында сөз қаузау қиынға соғар. Десе де, ел ішінде жүргендіктен, жамағат арасында болатындығымыздан көп жайтқа қанықпыз. Бірлігіміз – бекем, татулығымыз – мығым. Президент Нұқрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы жолдарынан «Біз жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел!

Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы» дегенді оқыдым. Міне, менің де, күллі мұсылман бауырларымыздың да көкейлеріндегі сөз осы. Осындай ұстанымымздан айнымасақ, басты мақсатымыз – дамыған отыз елдің қатарына да қосылатын күннің жақын екеніне күмән жоқ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру