Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бақытты жанұя құрудың жолдары

09.09.2014 6483 0 пікір
Сұрақ: Адамның туа біткен бойындағы қасиеті сөз таласу мен қарсы сөз айту деген дерті кей кейде ерлі- зайыптылардың арасында көрініс тауып жатады. Әлбетте нәтижеде некеге сызат түсері хақ. Осы бір сезімнен арылар жол бар ма?

Жауап: 
Мұндай түйсік пен санадан арылып, жанұяның тыныштығын сақтаудың он түрлі жолын қарастыруды жөн көрдік:

1. Алладан қорқыңдар. Хазіреті Пайғамбармыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кемел тәжірибесінің бірі – өзінің жарларына неке қиылар алдын тақуалықты, яғни Алладан қорқуды есіне салу болатын. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қасиетті Құраннан Ниса сүресінің 14-аятын, Азхаб сүресінің 69-аятын, Әли Имран сүресінің 101-аяттарын оқитын болған. Мұның себебі, ол аяттар тақуалыққа үндеуші аяттар еді. Ерлі-зайыптылар ең бірінші Аллаға жақындаулары тиіс. Осыдан соң барып, сөзсіз, бір-біріне. Отбасылық өмірлерін тақуалыққа негіздеп құрған жанұядан асқан бақытты жанұя жоқ.

2. Бір мезгілде ашуланудан сақ болыңдар. Отбасының шырқын бұзушы себептердің ең сорақысы – ашу. Бірде сахабалардың бірі Алланың Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, қандай да бір кеңес беруін өтінеді. Оның бұл өтінішіне Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ашуыңды жеңе біл»,– деген өсиет айтады. Әрі осы өсиетін үш рет қайталайды. (Мишкаат, 433 бет)

3. Егер сөз таластыруда міндетті түрде біреуі жеңуі керек болса, жеңімпаз сіз болмай-ақ қойыңыз. Себебі, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «...өзінікі дұрыс бола тұра, сөз таластыруды доғарған адамға Жәннаттың ортасынан үй нәсіп болады», – деген. (Мишкаат, 412 бет)

4. Үйді от-жалын алып бара жатқан болмаса бір-бірлеріңе дауыс көтермеңдер (яғни, қауіп төнбесе, айқайлаудың қажеті жоқ). Өз ұлына өсиет қалдырып жатып Лұқман (Алла оған разы болсын) былай деген екен: «Жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы» (Лұқман, 19)

5. Егер сын айтудың кезі келіп тұрса, мұны да махаббатпен орындаңдар. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мұсылман –  мұсылманның айнасы». (Әбу Дауд, 2 том, 325 бет) Өте жұмсақ әрі даналықпен кеңес бере біліңдер.

6. Өткен-кеткен қателіктерді бір-біріңнің естеріңе салмаңдар. Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мұсылман бауырының айыбын жасырар болса, ол адамның айыбын Алла Тағала осы өмірде жасырғанындай, ақыретте де жасырады», – деген. (Мишкаат, 429 бет)

7. Қажет болса, екінші жартыңыз үшін өзгелерге мән де бермеңіз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Салманның Әбу Дардаға (оларға Алла разы болсын) әйелін жақтырмау жайлы берген кеңесін құптап: «Расында, әйелдеріңнің сендерде хақысы бар», – деген. (Хадис Насаи, 2391)

8. Арадағы түсініспеушілікті реттеп алмай ұйқыға жатпаңдар. Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) үйінде қонақтардың болғандықтан әйелімен болған түсініспеушілікті шеше алмай ұйқыға жатпаған екен. (Бұхари, 602)

9. Ең жоқ дегенде күніне бір рет өз сезімдеріңді білдіріп тұрыңдар. Алла Елшісі (оған Алланың иглігі мен сәлемі болсын): «Адамдарды қадірлемеген Алланы да қадірлемейді», – деген. (Әбу Дауд, 662 бет, Карачи)

10. Егер қателік жасап қойсаңыз, оны мойындап, кешірім сұрай біліңдер. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адам баласының барлығы қателеседі, абзалы тәубе еткендері», – деген. (Тирмизи, 2499).

 
Мүфти Ибрагим Десаи
Ағылшын тілінен аударған: Azan.kz
Darulfiqh.com

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру