Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әсет БЕКТҰР: Кітап VS.Теледидар

20.08.2014 5331 0 пікір

Кез келген ақыл иесі: «кітап оқыған дұрыс па, әлде, теледидар көрген жөн бе?» деген сауалға өзі теледидар көргенді құп көрсе де, «кітап оқыған дұрыс» деп жауап береді.

Ал, қазіргі кезде: «неге кітап оқыған дұрыс?» деген сауалға кез келген теледидар көрермені жауап бере алмауы мүмкін. Себебі дейді ғалымдар. Теледидар көріп отырған адам толассыз келіп жатқан ақпаратты қабылдап, ой елегінен өткізіп үлгермейді. Экрандағы образ адамның санасынан тыс елес сияқты көз алдынан көлбеңдеп өтіп жатады. Ол адам не көріп отырғанын да білмеуі мүмкін. Әйтеуір, қарап отыр. Бар болғаны осы. Экранға көп үңілетін адам не көріп отырғанын саналы түрде аңғара бермейді. Содан кейін көрген ақпарат жадында ұзақ сақталмайды. Тіпті, өзі өмір сүріп жатқан ортада не болып жатқанына бейжай қарайтын дел-сал психология пайда болады. Бұл адамның дамуына кедергі жасап, түптің түбінде үлкен дағдарысқа (адамды да, қоғамды да) алып келеді.

Ал, кітап оқып отырған адам керісінше өз бетінше ойланады, шығарманың желісі бойынша кейіпкерлерді сомдайды, көз алдына елестетеді, санада пайда болған ойларды байланыстыруды үйренеді. Ал, кино көріп отырған адамның миында ақыл-ойды дамытатын шығармашылық процестер жұмыс жасауын доғарады. Көрермен үшін барлық көріністер мен кейіпкерлерді режиссер жасап, дайындап қойған. Бүгінгі күннің қаһарманы Брэд Питт көз алдымызда тұр. Ойланудың еш керегі жоқ.

Кітап оқыған адам миы қозғалысқа келетін болса, кино көргенде мидың оң қабаты істен шығып қалады. Көгілдір экранның алдында көп отырған адамның сол жақ миы абстрактілі ойлауға бейімделе бастайды. Бұл заманауи технология ғаламтормен де байланасты. Ал, адам кітапты қаншалықты көп оқыса, соншалықты шығармашылық ойлау қабілеті артады. (Әрние, талдап, талғап оқудың жөні бөлек). Жаңаша ойлай алатын, тың дүниелерді өз бетінше жасай алатын шығармашылық өрісі ашылады. Егер бір-бірін қабылдай алмайтын, түсінісуге шыдамы жетпейтін келте, «я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп» (Хакім Абай) баға беретін, кез-келген пікірдің соңынан ергіш, алдамшы ұрпақ жаныңызда жүрсе еш таңқалмаңыз.

Демек, жаттанды ойлардан, сылдыр сөзден, жасанды шаблондардан өз еркімен арылып, дүниенің сырына қанығып, ғаламды кеңінен шарлауға мүмкіндік беретін құндылық  ол қашанда – КІТАП.

Оқусыз,  ғылымсыз Жаратушымызды тануымыз мүмкін бе?! Мүмкін емес. Сондықтан, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Әр еркек, әйел адам үшін білім алу – Аллаһтың алдындағы парызы», – десе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім алыңдар», – деп өсиет еткен. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру