Мұсылманды исламнан айыру әрекеті әлемде жүріп жатыр
Кезінде Ұлыбритания әлемнің тең жартысын жаулап алып, өз отарына айналдырғаны белгілі. Олардың қатарында мұсылман елдері де болды. Дегенмен, мұсылмандар басқыншыларға бағына қойған жоқ. Сондықтан, Лондонда Отарлау министрлігі құрылып, оларды басып алу ісімен тікелей шұғылданды. Осы мақсатта үлкен жоспарлар жасалып, тыңшыларын мұсылман елдеріне аттандырды. Солардың бірі Хемфер кейіннен барлығын мойындап, ағылшындардың қитұртқы әрекеттерін әшкерелеп, бар білгенін жайып салған. Озбырлардың сол жоспарларымен оқырмандарды да таныстыруды жөн көрдік.
1) Мұсылмандардың арасында нәсілшілдікті, ұлтшылдықты қоздыру мақсатында исламнан бұрынғы әр халықтың ерлік жолдары мен қаһармандық үлгісін қайта-қайта есіне түсіріп, оның дұрыс екенін жүйелі насихаттау. Мысалы: Мысырдағы Перғауындар заманын, Иран мен Ирактағы зароастризмді т.б.
2) Мына төрт нәрсені ашық және жасырын түрде жаю керек: Ішкілік ішу, құмар ойындары, зинақорлық және шошқа етін пайдалануды. Мұны жүзеге асыру үшін мұсылман мемлекеттерінде өмір сүретін христиан, иаһұди, отқа табынатын, буддашылар және басқа сенімдегі адамдарды қызметке тартып, Отарлау министрлігінің бюджетінен мол жалақы тағайындау қажет. Сондай-ақ, саяси партиялар мен спорт клубтарын да осы іске жұмылдыру нәтижелі болмақ. Олардың бірі-бірінің арасына от тастап, діни кітаптар оқып, исламды біліммен танып-білуіне тосқауыл қою. Бізге алданып қалған адамдар арқылы күнделікті саяси газеттер мен журналдар шығаруды қолға алу. Дінін, елін-жерін сатқандарды сол басылымдар арқылы мақтап, ұлттың қаһарманына айналдырамыз. Керісініше, дініне берік, отанын қалтқысыз сүйетін лауазымды кісілерді жамандап, қара күйе жағып, халық алдында беделін түсіреміз. Діни тәрбиенің қайнар бұлағына айналған отбасы институтынының рөлін біртіндеп төмендету мақсатымен салауатты өмір салтын дәріптеу деген желеумен фитнес сияқты клубтар ашу арқылы тәнін жалаңаштау. Осылайша, жастарды зинақорлыққа итермелейміз. Мұсылмандарды ислами мінез-құлық пен әдептен айырсақ, Исламды жою да оңайға соғады. Дегенмен, мұсылмандарды шошытып алмау үшін, көп мешіттер салдыртамыз. Бірақ, ол шынайы мұсылман ұстаздарын емес, біздің тәрбиемізден өткен миссионерлерді, мәзһабсыз имамдарды қоямыз. Ғибадаттарын христиандар секілді музыкамен айтылатын ритуалға айналдыру үшін мешіттерге алдымен микрофондарды, кейін «ислами музыка» деген атпен сазды аспаптарды, өлеңдерді, радиоларды кіргіземіз. Мешітке жиі баратын және әйелдері шариғи талапқа сай киінетін мемлекет қызметкерлерін, әскер қатарындағы офицерлерді тыңшылар арқылы анықтап, олардың жұмыстан босатылуына күш-жігерімізді саламыз. Намаз оқитын жастардың университет студенттері қатарына қабылдануына, ал оқып жатқандарының диплом алуына кедергі жасаймыз.
3) Жиһадқа күмән тудыру, оның белгілі уақытта ғана парыз болғандығы, енді мерзімі өтіп кеткендігіне мүсылмандарды сендіру керек.
4) Шииттердің саналарынан кәпірлердің нәжіс екендігі туралы пікірді өшіру. Құранда: «Өздеріне кітап берілгендердің жейтіндері сендер үшін халал болғаны сияқты сендердің де жейтіндерің оларға халал болады» («Мәйда» сүресі, 5-аят.) делінгенін, Пайғамбардың (с.ғ.с.) София есімді иаһуди және Мәриям есімді христиан әйелі (күңі) болғандығын, пайғамбар әйелінің лас, нәжіс болмайтындығын айтасыңдар.
5) Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келудегі мақсаты мұсылмандар ойлаған Исламды емес, жалпы бір Аллаһтан келген дінді үстем ету екендігіне сендіру. Иаһудилік, не христиандық сияқты діндердің үстем болуы мүмкін екендігін, тек Исламның ғана ақиқат діні еместігі жөнінде пікір тарату. Оның дәлелі Құран әрбір діннің адамдарын да мұсылман деп атайды. Мысалы, Жүсіп (ғ.с.) пайғамбардың: «Мені мұсылман күйде өлтір» ( «Ағраф» сүресі, 126-аят); ал, Ибраһим (ғ.с.) мен Исмаил (ғ.с.) пайғамбарлардың: «Уа, Раббымыз! Бізді өзіңе бойұсынушы ет және ұрпақтарымыздан мұсылман бір үммет шығар»; Жақып (ғ.с.) пайғамбардың өз балаларына: «Тек қана мұсылман күйде өліңдер» («Бақара» сүресі, 128-аят) дегендері бар.
6) Исламда шіркеу салудың харам емес екендігін, Пайғамбар (с.ғ.с.) және халифалардың ешқайсысы оларды қиратпағандығын, керісінше оларды құрметтегенін және Құранда: «Егер Аллаһ адамдарды өзара күрестіріп, қорғаныс жасатпаса,онда монастырлар, шіркеулер, пұтханалар ішінде Аллаһтың есімі көп зікір етілетін мешіттер күл-талқан болып жатар еді» (Хаж сүресі, 40-аят) - дегенін Исламның ғибадатханаларға құрмет көрсеткенін, оларды қиратпағанын, құлатып жатқандарға кедергі болғанын көбірек айту.
7) Мұсылмандардың ғибадаттарына кедергі болуға тырысып: «Аллаһ адамдардың ғибадаттарына мұқтаж емес» деп, оларға құлшылық жасауды күмәнді етіп көрсету. Қажылық, жамағатпен намаз оқу сияқты мұсылмандардың басын қосатын ғибадаттардан әртүрлі сылтаулар айтып оларды суыту. Дәл солай мешіттердің, медреселердің салынуына және Қағбаның жөнделуіне де кедергі болу керек.
8) Соғыста дұшпаннан олжаға түскен мүліктің бестен бірінің (хумус) ғалымдарға берілуі жайлы күмән тудырып және оның саудамен еш байланысы жоқ екендігін санасына сіңіру. Кейін: «Олжа (хумус) пайғамбарға, халифаға беріледі, ғалымға берілмейді. Өйткені, олардың ақшасы көбейсе, үйлер, ғимараттар, мал және бау-бақшалар сатып алады» деп айтасың.
9) Мұсылмандардың сенімдеріне (ақидаларына) бидағаттар (дінде жоқ жаңа нәрселер] қосып, Исламды керітартпа және лаңкестік діні деп айыптайсың. Ислам мемлекеттерінің артта қалғандығын айтып, сол арқылы мұсылмандардың дінмен байланысын әлсіретесің (Алайда, мұсылмандар әлемдегі ең ұлы мәдениетті де өркениетті мемлекеттер құрған. Исламмен байланыстары азайған сайын әлсірей берген).
10) Балаларды өз әкелерінен алшақтатып, діни тәрбие алудан мақрұм етеміз. Оларды біз тәрбиелейміз. Өйткені, олар әке тәрбиесінен ажырағаннан соң діннен және ғалымдардан да қол үзіп қалады.
11) Мұсылман әйелдердің: «Құқықтарың шектеліп, оқшауланып қалғансыңдар» деп ызасын келтіріп, орамалдарын тастауға итермелеу. «Орамал, хижаб шариғаттың талабы емес, ол Аббасидтер заманында пайда болған әдет» деп ұқтыру. «Адамдар Пайғамбардың (с.ғ.с.) әйелдерін ашық көретін еді және әйел барлық жұмыстарға қатысатын еді» - дейсіңдер. Нәзік жандар орамалдарын тастаған соң зина жасауына барынша атсалысу. Бұл мұсылмандықты қатты әлсіретеді.
12) Мешіт имамдарының пасық, пиғылы бұзық екендіктері жайлы өсек-әңгіме тарату. Әр мүмкіндікті қалт жібермей имам мен жамағаттың арасына іріткі салып, жамағатпен намаз оқуды ұмыттыру.
13) Кесене, мазар тұрғызу Пайғамбардың (с.ғ.с.) заманында болмаған, оның бидағат екенін айтып, құлатылуына атсалысу. Әсіресе халифа, ғұлама және әулиелер қабірлерінің орны туралы шиеленіскен қарама-қайшы деректер ұсынып, зиярат етуде мұсылмандарға күмән туғызу. «Пайғамбар (с.ғ.с.) анасының жанына жерленген, Әбу Бәкір мен Омар "Бақи" мазарында. Османның қабірі белгісіз. Хусейннің басы "Ханнанеге" қойылған, денесінің жерленген жері белгісіз. "Казимиядағы" қабірлер - пайғамбар әулетінен шыққан Казим жэне Жауәдтың қабірлері емес, екі халифаның қабірі. Ал Тустағы әһли Бәйттен шыққан Рызаның емес, Харунның қабірі. Самаррадағы - Аббасидтердің мазары. Әһли Бәйттен шыққан Хади, Аскәри, Мәһдидің қабірі емес» деген өсектер таратасың. «Мұсылман мемлекеттеріндегі барлық мазарлар мен күмбездердің құлатылуы парыз болғаны сияқты Мәдинадағы "Бақи" мазарын да жермен-жексен етіп тегістеп тастау керек!» деп үгіттеу.
Дайындаған М. Сыддық Гүміш
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.03.2014
5317
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру