ЖАУАП: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы имамдар арасына «Уағыз айтылмаған ауыл, өңір қалмасын» деген ұран тастап отыр. Бас мүфти тапсырмасына орай, бүгінде АНТ аудан, ауылдарды аралап, халықты толғандырған сұрақтарға жауап беруде. ҚМДБ-ның барлық өкілдіктерінде өңірдің діни ахуалымен етене таныс имам-молдалар мен дін қызметкерлерінен тұратын жергілікті уағыз-насихат топтары құрылып иманды күшейтетін, жастарымыздың тәрбиесін шыңдап, халықты ынтымаққа шақыратын және ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықты көздейтін тақырыптарда түрлі деңгейлердегі кездесулер өтіп, дәстүрлі Исламның құндылықтары жайлы құнды ақпараттар берілуде. Өкілдіктердің білікті имамдарынан жасақталған уағыз-насихат топтары осы күнге дейін 62 қала, 122 аудан, 33 кент, 1456 ауылға жуық елді-мекендерді аралап, 200-дей жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары мен 1654-ке жуық мектептерде кеңейтілген кездесулер өткізіп, дін мен діл жайындағы халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар берілді.
ҚМДБ-ның Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімі интернет уағыз-насихат жұмысын жолға қоюды жіті қадағалауға алып, асыл дініміздің құндылықтарын қалың бұқараға жеткізуде интернет ресурстарын барынша тиімді пайдалануды жолға қойды. Атап айтқанда қазірде ҚМДБ-ға қарасты 21 сайт өз жұмыстарын жүргізіп келеді. ҚМДБ-ға қарасты сайттарға апта сайын тақырыптық мониторниг жасалып, кем-кетік тұстары талданып, аталмыш сайттарды дамытудың жаңа тұжырымдамасы жасалды. Осыған сәйкес, дін тақырыбындағы ақпараттардың сенімділігін арттыру үшін діни мағлұматтар ақпараттық, танымдық, насихаттық, талдаулық, мәселелік және шолулық бағыттарда мақала, сұхбат алу, сарапшы пікірі, веб-сайттарға шолу жасау, фоторепортаж сияқты формаларда жарияланып келеді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның бүгінгі күннің талабына сай жаңа үлгідегі www.muftiyat.kz ресми сайты қайта жасалды. Дизайны өзгертіліп, жаңа үлгіде қызмет етуге кірісіп кетті.
Сұхбаттасқан Қ.Мұртаза
e-islam.kz
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру