Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Малды шариғат әдебімен сою

28.10.2015 6707 0 пікір

Құранда Алла Тағала:

حرمت عليكم الميتة و الدم و لحم الخنزيرو ما أهل لغير الله به و المنخنقة و الموقوذة و المتردية و النطيحة و ما أكل السبع إلا ما ذكيتم

«Сендерге: өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алла Тағаладан басқаның атымен бауыздалған мал харам қылынды. Және буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал харам, бірақ (жаны шықпай) бауыздалғандардан басқа», - деген. («Мәида» сүресі, 3-аят)

Мал сою шарттары

1. Ақыл есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болу;

2. «Бисмиллаһи, Аллаһу Акбар!», - деп айту.

Тыйым салынады!

1. Малдың көзінше жалаңдатып пышақ қайрауға болмайды, өйткені малдың да түсінігі мен сезімі бар;

2. Малды екінші бір малдың көзінше союға болмайды;

3. Соятын құрал өткір болу керек. Тіс пен тырнақтан басқа кез келген өткір құрал малды союға жарамды;

4. Жүзі дұрыс өтпейтін құралмен бауыздауға болмайды, өйткені ол жануарды қинап өлтіру болып саналады.  Сондықтан, малды азаптамай тез сою үшін құрал міндетті түрде өткір болу керек;

5. Желкесінен бастап союға болмайды;

6. Мал мен құсты электр тоғы бар құрылғы, балға, балта және тағы да басқа құралдармен ауыр жарақат тигізіп талдыруға болмайды.

- Малдың жаны бойынан толық шығып болғанға дейін:

7. Мойнын сындыруға болмайды. Мойнын сындырса, мал қиналып өліп кетеді де қаны етте қалып қояды;

8. Басын денесінен бөлуге;

9. Терісін сылуға;

10. Ыстық суға салып жүнін жұлуға (Құс);

11. Дене мүшесінен қандайда бір бөлшегін әлде бір жерін шауып (кесіп) алуға болмайды.

Дұрысы, қаны мен жаны шығып кеткенше жатқызып қою керек.

Орындалу тәртібі

1. Мал сойылатын жердің таза болуына көңіл бөлу;

2. Тізе бойындай қылып шұңқыр қазылады;

3. Сойылатын жерге малды ұрмай – соқпай апару;

4. Малдың көздері (матамен) байланады;

5. Қыблаға қаратылып сол жағымен жатқызылады;

6. Екі алдыңғы аяғы мен бір артқы аяғы қоса байланады;

7. Пышақты малға көрсетпей қайрап келу;

8. «Бисмиллаһи, Аллаһу Акбар», - деп айту;

9. Малдың мойнында өңеш, кеңірдек және екі жағында екі тамырын бір мезетте кесу керек;

10. Малдың қаны толық ағып болғанша және жаны шыққанша күтіледі;

11. Мал сойылғаннан кейін сол маңайдың тазалығына да көңіл бөлу керек.

Малдың қан-жүнін ашық-шашық далаға қалдырмай, көміп тастаған жөн.

ҚМДБ-ның «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру