Адам баласын тура жолдан тайдыру үшін лағынет шайтан тұзағын құруға дайын тұрады. Өйткені оның мақсаты – қандай жолмен болсын адам баласының титтей де болса жақсылық жасауына тосқауыл болу. Бұл мақсатына жету үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданып, адамға түрлі ой салу арқылы азғыру, т.б. жолдарды қолданады. Сондай тосқауылдың бірі – мешітте отырғанда жиі есінеп, ұйқының қысуы.
Көптеген жандар мешітте отырған кезде ұйқы қысып, маужырап кететіндерін айтып шағымданады. Әсіресе бұл жайт жұма күні Жұма намазына жиналған жамағат арасында жиі кездесетіні жасырын емес.
Жиналған жұрттың көпшілігі ұйқысын ашудың түрлі тәсілдерін қолданып сергуге тырысады, ұйқысын ашпақ болып ыңғайсыз жерге отырып алады, ары-бері қимылдап қояды деген секілді тәсілдер өте көп.
Адамзатқа ең көркем үлгі болған ардақты Пайғамбар ﷺ осындай жағдайға тап болғанда не істеу керектігін де үйретіп кеткенін біріміз білсек, біріміз хабарсызбыз.
Абдуллах ибн Омардан жеткен риуаятта ол Алла Елшісінің ﷺ:
إذا نعس أحدكم في المسجد يوم الجمعة فليتحول من مجلسه ذلك إلى غيره
Ал Әбу Дәуіттен жеткен нұсқада, яғни ардақты Елші ﷺ:
إذا نعس أحدكم وهو في المسجد فليتحول من مجلسه ذلك إلى غيره
Көріп отырғанымыздай, Әбу Дәуіттен жеткен риуаятта белгілі күнің атауы, яғни «жұма» күні деп келмеген. Сондықтан Пайғамбарымыздың ﷺ бұл кеңесін өзге күндерге де қатысты деп қабылдауға әбден болады.
Алла Елшісі ﷺ біздерге кең тараған жағдайдан қалай шығудың жолын осылайша көрсетіп кеткен. Егер сізді де мешітте отырғанда ұйқы қысар болса, Әз Елшінің ﷺ кеңесіне амал жасап көріңіз.
Егер сонда да ұйқыңыз ашылмай жатса, ардақты Елшінің ﷺ берген кеңесіне амал жасағаныңыз үшін Алла қаласа, сауапқа ие боламыз.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру