Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИБН ХАЛДУННАН ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ

muftyat.kz 16.07.2018 2913 0 пікір

Орта ғасырдың ойшылы ибн Халдунның «Мукаддим» атты еңбегі көптеген ғылымдарға қатысты сұрақтарды қамтыған, сонымен қатар, мұсылман қоғамында болған оқиғалар мен насихаттар, өлең шумақтары секілді көптеген саланы қамтып жазылған үлкен еңбек. Назарларыңызға автордың аталған еңбегінен алынған ғибратты әңгімеден үзінді ұсынбақпыз.

...Абдулла ибн Маруанды алып келеді. Ол әс-Саффаха күндері Нубия елді мекенінде, сол жердің басшысымен болған әңгімесін баяндап береді. Ол: «Мен күтіп тұрдым, сәлден соң  сол жердің патшасы шықты. Жерге үлкен кілем жайып қойғаныма қарамастан, жерге отырды. Мен сонда: «Біздің жайған кілемге отыруыңа не кедергі болды?»,- деп сұрадым.

Ол болса: «Мен – патшамын, кез келген патша Құдай Тағала қолына билікті берген соң Оның алдында адал болуға міндетті»,- деп жауап берді де, былай деп сұрады: «Сіздер неге шарап ішесіздер? Кітаптарыңызда ішімдікке тиым салынған жоқ па?» Мен сонда: «Біздің құлдарымыз бен қызметшілеріміз ішімдік ішіп, арсыздық жасауда»,- деп жауап қаттым.

Сонда ол: «Олай болса, тиым салынса да малдарыңызға егіндікті неге таптатасыздар?»,- деп сұрады. Мен тағы да: «Оны да құлдарымыз бен қызметшілер надандықтары себепті жасатуда»,- дедім.

«Ер адамдарға жібек мен алтын харам етілсе де, неге аталған заттарды пайдаланасыңдар?»,- деген сұрағына: «Біздің қолымыздан патшалық билік кеткен соң өзгелердің көмегіне жүгіндік. Кейіннен олар біздің дінімізді қабылдады. Алтын мен жібекті сол адамдар біздің еркімізден тыс пайдаланады»,- деп жауап бердім.

Патша біраз уақыт жерге әлденені сызып үнсіз отырды да күбірлеп: «Біздің құлдарымыз бен қызметшілеріміз.... өзге жердің адамдары дінімізді қабылдады...»,- деді. Кейін басын көтеріп, көзіме тік қарап былай деді:

«Жоқ, барлығы сенің айтып отырғаныңдай емес! Сендер Жаратушы тиым салған дүниелерге рұқсат бергенсіңдер. Сендер әділ басшылық етпедіңдер. Сондықтан да Алла Тағала сендердің күштеріңді жоқ етіп, күнәларың үшін масқаралады. Бірақ Хақ Тағаланың келетін қаһары әлі таусылған жоқ... Оның қаһары сендерге де жетеді деп қорқамын, ал сендер менің жерімдесіңдер. Олай болса, маған да қауіп төніп тұр! Қонақ ету үш күн. Ендеше, қажетті ас-суларыңды алып, жерімнен шығыңдар»,- деді.

Әл-Мансұр (Аббасилер дәуіріндегі халиф) ойланған күйі үнсіз қалды...

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі