Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шайтан және монах

Абдусамат Қасым 31.01.2018 5688 0 пікір

Ерте заманда бір монах өмір сүріпті. Өз бетінше монастырьда құлшылығын жасап жүреді екен. Күндердің бірінде бір әйел келіп, наздана сызылып, монахты азғырады. Нəпсісін тізгіндей алмай, монах онымен зина жасайды. Әйел екі қабат болып қалады. Монах: «Құдайға қарсы келдім, ол жетпегендей, әйел екі қабат болды. Елге масқара болатын болдым» деп қайғырып отырғанда қасына шайтан келіп: «Әйелдің көзің құрт. Жұрт білсе, қара бет боласың, - деп ақыл айтқансиды. Монах шайтанның сөзіне еріп, әйелді өлтіреді де, өлі денесін жерге көміп тастайды.

Алайда, көп ұзамай қылмыстың басы ашылып, монах әшкере болып, жасаған ісі үшін өлім жазасына кесіледі. Кісендеулі монах, өлімге кетіп бара жатқан сәтте шайтан жанына тағы келеді: «Сені үгіттеп, осыншама жамандықты жасауға итермелеген менмін. Сол үшін сені құтқаруға келдім. Бірақ, әуелі маған бір рет сәжде жасайсың», - дейді мүләйімсіп. Монах шайтанға сәжде етеді. 
Мақсатына жеткен шайтан алды-артына қарамай зыта жөнеледі. Монахты не өлімнен арашалап қалмады, не басқа да пайдасы тимеді. Шайтанның құрған тұзағы екендігін кеш аңғарған монах бармағын шайнап қала береді.

Ұлы Жасаған Иеміз, Ібіліс шайтанның айласына алданып қалмауымызды ескертіп, өзінің қасиетті кітабында былай дейді:

«Мұнафиқтардың мысалы – шайтанның мысалы секілді. Шайтан адамға: «Күпірлік ет», - деп айтады да, адам күпірлік еткен кезде: «Мен сенен бездім. Шындығында, мен әлемдердің раббысы Алладан қорқамын» дейді». ("Хашр" сүресі, 16- аят).

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру