Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ, ҚМДБ баспасөз хатшысы
Біраздан бері бір жазармын деп қойған көкейде жүрген дүние еді. Бүгін сәті түскендей. Орайы келген ойсалар оқиғаны қысқаша баяндайын.
Бердалы Әбдіхалық
Бердалы Әбдіхалық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінде жұмыс істейді. Басынан өткен оқиғасын айтып бергенде іштей «нағыз ер жігітке тән шешім қабылдапты» дестік. Өзі бұл әрекетін ерлікке балайды...
Бірде оны бастығы тығырыққа тірейді. Мерекелік басқосуға қатысып, сол жиында өзінің «құрметі» үшін тілек айтып, арақ ішуін бұйырады. Имандылық жолына енді түсе бастаған жас мұғалімге бұл сөз оңайға соқпайды. Табиғатына теріс, имандылығына қайшы «бұйрық».
Екі таңдау тұр: бастығын «құрметтеу» немесе Құдайдың шариғатына құрмет көрсету. Өзімен жасы шамалас бала бастық тағы да қызба мінезін көрсетіп: «Егер бұған көнбесең – арызыңды жаз да кете бер», – деп дүрсе қоя береді. Пәтер жалдап, азын-аулақ табыспен отбасының нәпақасын тауып жүрген Бердалы үшін бұл сөз буынсыз жерге пышақ ұрғанмен бірдей соққы боп тиеді...
Жұмыста қалайын десе күнә арқалайын деп тұр, кетейін десе тіршіліктің қамы мазалайды. Көп ойланбастан Аллаға тәуекел етіп, қайырын тілеп, тақуалық жолды таңдайды...
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Арман Аранбаев | 04.11.2017 02:04
Акикатты жаксы коргендердин жолы осындай болады.
Коркактардын жолы жагымпаздану болады.