Пайғамбарымыз (ﷺ) жайлы сөз қозғаған уақытта, адамның ойына бірден Оның (ﷺ) кішпейілдігі, қарапайымдылығы еске түседі. Хазреті Мұхаммад (ﷺ) – Алла Тағаланың бүкіл әлемге рақымды пайғамбар етіп, жіберген ең ұлы нығыметі мен сыйы. Бұған қатысты Жаратушы Иеміз Құранда былай деген:
وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ
Пайғамбарымыздың (ﷺ) ғұмырын, мінез-құлқы мен болымсын зерттеген кез-келген адам, Оның (ﷺ) қатардағы мұсылман ғана емес, тіпті Алла Тағаланың тарапынан жіберілген шынайы Елші екендігін еріксіз мойындайды. Алла Елшісі (ﷺ) адамзат баласына қарапайымдылықтың ең көркем бейнесін көрсете білген. Бұған, Пайғамбарымыздың (ﷺ) тал бойына топтастырған көркем мінезіне қатысты өмірінде көрініс тапқан мысалдары өте көп.
Әнәс (р.а.) риуаят еткен хадисте, Алла Елшісі (ﷺ) былай деген:
Пайғамбарымызға (ﷺ):
Хазреті Мұхаммад (ﷺ) науқастардың көңілін сұрап, жаназа намаздарына қатысатын. Үлкен-кіші, бай-кедей деместен, кез-келген кісінің шақыруын қабыл ететін. Бұған қатысты, Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді:
Омардың (р.а.) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (ﷺ) бойындағы қарапайымдылығының себінен мына бір ұлағатты сөзді айтқан болатын:
Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарымыздың (ﷺ) үй ішінде қарапайымдылық танытатындығын, өз киімін өзі жамап, қойларын өзі сауып, үйдегі жұмыстарға көмектестінін, базарға барып келетінін және өз жүгін ешкімге де көтертпей, өзі тасыйтындығын айтқан. Бір күні, Алла Елшісі (ﷺ) қасында отырған адамның ыңғайсыздықтан қымтырылғандығын байқап:
Мәдинә қаласындағы Пайғамбарымыздың мешіті салынып жатқан уақытта жұрт бір кірпіш тасыса, Алла Елшісі (ﷺ) екі кесек тасыйтын. Хандақ шайқасы үшін ор қазылып жатқан уақытта, жұрт қарнына бір тас байласа, Пайғамбарымыз (ﷺ) екі тас байлайтын. Алла Елшісінің (ﷺ) әрбір іс-әрекеті әдептілекке негізделген еді.
Міне, жоғарыдағы сахабалар жеткізген риуаяттарға қарағанда, екі дүниенің сардары, сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) әрбір амалында өте қарапайым болған және сол қарапайымдылықты үмметіне насихат етіп қалдырған. Бұған қатысты, өсиет сөздерінің бірінде Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген екен: «Мен құл сияқты отырамын, құл сияқты жеймін. Маған қарапайым болу әмір етілді. Сендердің басқалардан еш артықшылықтарың жоқ. Алланың рахмет есігі әрқайсыңа да ашық. Кімде-кім, өз-өзін жоғары санаса, Алла оны төмендетеді. Ал кімде-кім, қарапайым болса, Алла оның дәрежесін көтереді. Сонымен қатар, Алланың әділдігіне көз жеткізіп, бір қадам жақындаған құлына, Алла Тағала жүз еселік дәреже береді».
Пайғамбарымыздың (ﷺ) қарапайымдылығы мен өнегелі сара жолын үстанып, Оның (ﷺ) аманат етіп қалдырған сүннетін өмірімізде жандандырайық ағайын! Жаратушы Иеміз бізге екі дүниенің хайыр жақсылығын нәсіп етіп, өзінің сүйікті құлдарының қатарынан қылсын. Әмин!
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру