Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт ішіндегі жәннат бақшасы

18.09.2015 10683 0 пікір

Пайғамбар (ﷺ) мешітінің ішінде жәннат бақшасы бар. Ол – шығыс жағынан мұсылмандар анасы Айша (р.а.) бөлмесімен, батысынан мінбермен, оңтүстігінен Пайғамбар (ﷺ) михрабымен, ал солтүсігінде Айша (р.а.) анамыздың үйінің шетімен шектесетін қасиетті орын. Мешіттің осы жерін ардақты пайғамбарымыз (ﷺ) «Рауда – жәннат бақшасы» деп атаған. Алла Елшісі (ﷺ):

 ما بين بيتي ومنبري روضة من رياض الجنة

«Менің үйім мен мінберімнің арасы жәннат бақшаларының бір бақшасы»,[1] – деп айтқан.

Бұл құтты орынның жәннат бақшасы деп аталуын ғұламалар үш түрлі мағынаны білдіретінін, ол:

Бірінші: Шынайы бақыт және Алланың рақыметі түсуіне себеп болған мекен;

Екінші: Сол орында құлшылық ету – жәннатқа кірудің бір жолы;

Үшінші: Сол орын – жәннаттан келген бір жер. Қиямет күні жәннатқа қайта кетеді, – деп түсіндірген.

Рауданың айналасында бірқатар белгілер бар. Олар:

  1. Пайғамбарымыздың (ﷺ) және екі досы Әбу Бәкір мен Омардың (р.а.) қабірі орналасқан қасиетті бөлме;
  2. Құбыла жақта Пайғамбар (ﷺ) михрабы;
  3. Пайғамбар (ﷺ) мінбері.
Рауданың ішінде мәрмәр таспен қапталған мешіттің басқа ұстындарынан ерекше ұстындар бар. Екі дүние сұлтаны мешітіне барған әрбір мұсылман жәннат бақшасында екі ракағат намаз оқып, дұға-тілек етуді армандайды.
Руслан Камбаров




[1] Бұхари, Муслим

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру