Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Саған сенген және иман келтірген адам қандай бақытты!

02.07.2015 4796 0 пікір

Хазіреті пайғамбарымызға  () қарсы жаман сөздер айтатын бір әйел бар болатын, Пайғамбарымызды  (ұнатпайтын. Бір күні бұл әйел бір ұл босанады. Баласы 2-3 айлық болған кезде баласын алып көшеде кетіп бара жатқанда Пайғамбарымызға  (кездеседі. Әйел тағы да әдепсіздік жасауға дайындалады. Бірақ, одан бұрын сәби сөйлей бастайды. Ол Пайғамбарымызға  (қарап,
– Ей, Алланың расулы. Ей, Абдуллаұлы Мұхаммед алейһиссалам, саған сәлем бердім,-дейді.
Әйел таңданып, сірейіп қалады. Пайғамбарымыз  (күлімсіреп, балаға:
– Ей, бала. Менің Алланың расулы екенімді қайдан білдің? Менің атым мен әкемнің атын саған кім үйретті?- деп сұрайды.
Сәби күліп:
– Маған бұларды әлемді жаратқан Алла Тағала үйретті. Ол қаласа, барлық нәрсені жаратады.
Сосын біраз тоқтап тұрып былай дейді:
– Йа, Алланың расулы. Мен үшін дұға ет, жұмақта сізге қызмет етейін.
Пайғамбарымыз  (сәби үшін дұға етеді. Қуанған сәби былай дейді:
– Саған сенген және иман келтірген адам қандай бақытты. Саған қарсы келіп, күпірлік еткен адам қандай бақытсыз. Алла оларды дүние мен ақыретте масқара етеді.
Сосын сәби шаһадат кәлимасын айтып, сол сәтте жан тапсырады. Мұны көрген әйел дереу сол жерде мұсылман болды. Пайғамбарымызға  (жылап, жалбарынады:
– Мені кешір, йа Расулалла. Босқа өткен күнәһар өміріме қатты өкінемін.
Пайғамбарымыз  (әйелге қарап:
– Сүйінші, қазір бірнеше періштенің саған кебінді жұмақтан әкелгенін көрдім,-деді.
Әйел бұл сөздерді естігеннен кейін баласы сияқты шаһадат кәлимасын айтып жан тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру