Ардақты сахабалар Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қандай амал көрсе, оны дереу іске асырауымен үлгі болған жандар еді. Мына бір оқиға соны айғақтайды.
Сондай ардақты сахабаның бірі Әбу Дәрда (р.а.) бір күні түнде тұрып пайғамбарымыз (с.ғ.с.) секілді: «Иа, Алла! Бейнемді қандай әдемі етіп жаратқаның секілді, мінезімді де көркем ете гөр!» - деп таңға дейін дұғасын жалғастырды. Таң атқаннан кейін ол кісінің әйелі:
- Әбу Дәрда! Бүкіл түнгі дұғаң және қажетіңнің барлығы тек көркем мінез жайында сұраумен болды ғой. Неге мұнша таңға дейін дұға еттің? – деп сұрайды. Сонда сахаба Әбу Дәрда (р.а.):
- Ей, Умму Дәрда! Бір мұсылман құл мінезін әдемілей-әдемілей, онымен ғұмыр кешетін болса, көркем мінезі оны жәннатқа жетелейді. Егер мінезін жаман етіп, онымен тіршілік жасар болса, оның жаман мінезі жәһаннамға итермелейді», - деп себебін мысалдай жеткізген екен.
Қайырбек ОТЫЗБАЕВ,
"Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру