Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көрікпел айтса, алданба!

05.05.2015 5718 0 пікір

Білім қақпасы атанған әзіреті Әлидің халифа болып тұрғанында мынандай бір оқиға орын алады.

Әзіреті Әли (р.а) сарбаздарымен жорыққа шыққалы тұрғанда Ибн Ауф атты көріпкел халифаға келіп: «Тап қазір жолға шықпа, үш сағаттан соң шық. Сонда жеңіспен ораласың, ал қазір шықсаң жеңіліп қайтасың», - дейді.

Әлгінің сөзін тыңдаған әзіреті Әли (р.а): «Біз көріпкелдерге жүгінбейміз, Аллаға ғана тәуекел етеміз! Құранда кімде-кім көріпкелдің сөзіне сенсе, Алланың сөзіне сенбегені, кәпір болғаны делінген. Сондықтан біз тап қазір сәтсіздік жорылып тұрған кезде шығамыз», - дейді.

Сосын адамдарға қарап: «Уа, мұсылмандар! Көріпкелдердің айтқандарына сенбеңдер! Себебі көріпкелдер – сиқыршылардың бір түрі. Ал сиқыршылар құдайсыздардың бір түрі. Құдайсыздардың барлығы да тозаққа тасталатынын сендер білесіздер!» - деп, сол сағатта жорыққа аттанады. Алланың қалауымен бұл сапардан жеңіспен сәтті оралады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру