Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әзілге әзіл

04.05.2015 5463 0 пікір

Әбу Ханифаның Мұхаммед және Әбу Юсуф деген екі шәкірті бар еді. Екеуі де бойшаң болатын. Әбу Ханифа олармен қатар жүргенде бой жағынан әжептеуір кіші көрінетін. Бір күні үшеуі серуендеп жүргенде, Мұхаммед ұстазына бұрылып:

-Ұстаз, дәл қазір сіз «Ләна» деген қатар тұрған үш әріптің (арабша «біз» деген сөз) ортадағы «Нун»ы (н) сияқсыз, -дейді әзілдеп оның бойының аласалылығын меңзеп.

- Егер ортада  мен тұрмасам, сендер «Лә» («жоқ» деген сөз) болар едіңдер, -дейді сонда Әбу Ханифа да аяқ астынан сөз тауып.

Құдайберді Бағашар
mazhab.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру