Осы жанармай бекетiне темiр тұлпарымның басын бұрған сайын бiрнеше жыл бұрынғы көрiнiс көз алдыма келе бередi.
Жүзi жүдеу, жұпыны киiнген орта жастағы жiгiт ағасы кезекте тұр екен. Табан ақы, маңдай терiмен тапқан, қадiрi бар қарабақыр тиындарын түгел төгiп, қалтасынан қағылды. Күйбең тiрлiктен қажыған көкем кезектегiлерге көңiл бөлместен, кеңес одағынан келе жатқан көне көлiгiне қарай кеттi.
Кассадағы қаракөзге: "Қалқам, менiң есебiмнен әлгi кiсiнiң бөшкесiн толтырып бере қойшы", - дедiм.
Араны ашылған автокөлiгiм "отказ" бергенше күтiп мен тұрмын. Сол сәтте әлгi ағам қылмыс жасап қойған кiсiдей қайтып келiп: "Қызым, менiң берген ақшам бес литрден аспауы тиiс едi, сiз менiң көлiгiмдi басқа бiреудiкiмен шатастырып алдыңыз", - дегенде... Мен мұнымен жасаған жақсылығымды жариялайын деп отырғам жоқ, ағамыздың адамдығын, адалдығын айтқым келдi.
Түйенi түгiмен жұтып, түк болмағандай жүретiнiмiздi айтсаңшы. Бәлкiм, ол кiсi жәннаттық шығар. АЛЛА бiлушi!
Сәкен Майғазиевтың ФБ-тағы жеке парақшасынан алынды
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру