Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сабын мен дін

21.04.2015 5190 0 пікір

Діннен еш хабары жоқ, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі бірде діндар кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді:

- Сендердің сенімдеріңнен пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, осыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой ?!

Иманды кісі сабыншының бетіне бір қарады да:

- Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түкке керегі жоқ. Өйткені, олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? - деп уәж айтады.

Сабыншы дереу қарсы шығып:

-Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм не?

-Адамдар діннің әмірін орындамаса діннің кінәсі не? Егер шариғаттың талаптарына барлық пенде мойынсұнса күллі дүние баяғыда түзілген болар еді,- деп діндар жауап қатады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру