Бір күні халифа Омар (р.а.) келе жатқанда бір әйел жолда ойнап жүрген баласына:
- «Әй, бала, жолдан қаш. Халифа келе жатыр», - деп ұрыса бастады. Соны естіген тағы бір әйел:
- «Халифа дейсің бе? Кеше ғана Омар еді, бүгін өзінше халифа бола қалыпты ғой», - деп күбір ете қалды. Бұл сөз қасына таяп қалған Омардың (р.а.) құлағына да шалынып қалды. Бірақ оған титтей де ашуланған жоқ. Ести сала:
- «Бұрынғы күнімді есіме салғаныңа рахмет, Алла саған разы болсын!», - деді де қойды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру