Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әбу Ханифаның баласына айтқаны

19.04.2015 4142 0 пікір

Әбу Ханифаның баласы ғылыми айтыс-тартысты ұнататын, әрі жат топтардың теріс пікірлеріне еліктеп кете жаздағанда, әкесі оны олардан қайтарып алатын. 

Сонда баласы әкесіне таңырқай қарап: «Мен сенің де әр қилы мәселелерде пікір таласып, айтысатыныңды көретінмін, ал енді мені содан тыйғаның қалай?» – деп сұрайды.

Әбу Ханифа: «Балам–ау! Біздің пікірталастағы сақтығымыз соншалық, төбемізде құс қонып тұрғандай аса мұқияттылықпен сөйлеуші едік. Бәсекелесіміз қателеспей, екеуіміздің де ойымыз бір жерден шықса екен деп тілейтінбіз.

Ал сендер бір-біріңнің беттеріңнен алып, қарсыластарыңның қателесіп, тура жолдан адасқанын қалап тұрасыңдар.

Есіңде болсын, кімде-кім бәсекелесінің қателесіп, тура жолдан адасқанын қаласа, ол оның діннен шығуын қалағанымен бірдей. Ал серігінің дінсіздігін қалаған адам, сол арам ниеті үшін, әуелі өзі дінсіздер қатарына қосылады», – деген екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру