Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кемшілікті жасыру

15.04.2015 4433 0 пікір

Бірде елді қуаңшылық жайлап Мұса пайғамбар (а.с.) қауымын ертіп, тасаттыққа шығады. Дұға жасап, Алладан жаңбыр тілейді.

Бірақ дұға қабыл болмай, жаңбыр жауа қоймайды.Сонда Мұса пайғамбар (а.с.) қолын жайып: «Я, Алла Тағалам! Сен менен тіле, сонда жаңбыр жаудырам, қуаңшылықтан құтқарам деп едің. Бірақ қанша дұға жасасам да, дұғамды қабыл қылмауыңның хикметі не?» – деп сұрайды.

Сонда Алла Тағала: «Дұғаңның қабыл болмауы, араларыңда жасаған күнәсына тәубе етпеген біреу бар, сол тәубаға келмейінше дұғаң қабыл болмайды», – деп жауап қатады. Сонда Мұса пайғамбар: «Онда ол адамның кім екенін білдіре гөр», – дегенде, Алла Тағала: «Менің бір есімім – Саттар, яғни пенделерімнің күнәларын жасырып тұрамын.

Ешбір құлымның күнәсін әшкерелегенді қаламаймын. Сендер бірің қалмай тегіс тәубаға келіңдер, сонда араларыңдағы әлгі кісі де тәуба етеді», – деген екен.

Құдайберді БАҒАШАР

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру