Отбасы мүшелерінің суретін салып келіңдер деп тапсырма берген бастауыш сынып мұғалімін жоғарыдағы сурет таңқалдырады. Суретте әкенің қолы және аузы салынбаған екен. Оның мәнісін түсінбеген мұғалім суретті салған кішкене Махамбеттен:
- Суретте әкеңнің екі қолы мен аузын салмапсың ғой, Махамбет? Неге? - деп сұрайды.
Махамбет:
- Анамды ұрмасын, оны балағаттамасын деп, әдейі салмадым! - деп жауап берген екен.
Кейде кішкентай балалар үлкендер ойы қорыта аламайтынды ойлайды...
(Болған оқиға желісімен жазылды)
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру