Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кішкентай ғалым

06.04.2015 4143 0 пікір

Ертеде бiр кәпiр ғалым мұсылмандарға келiп «Мен Алланың жоқтығын дәлел­деймiн» деп, олардың араларынан бiр ға­лым­ды айтысуға шақырады. Мұсылмандар күлiп:

- Бiздiң кiшкентай ғалымымыз бар, - деп имам Ағзам Әбу Ханифаны көрсетедi. Бұл кезде имам Ағзам жас бала екен, бiрақ Құ­ранды жатқа бiледi екен.

Бұл хабарды естiп көп адам жиналыпты, кәпiр ғалым мiнбеден орын алып, имам Ағзамды күтедi. Ол кешiгiп келедi. Ғалым оны келе салысымен сөзбен iлiп:

- Кiшкентай ғалым, маған не айтарыңды бiлмей ойланып, кешiгiп жүрсiң бе? - дейдi.

Имам Ағзам:

- Тақсыр, мен өзеннiң арғы бетiнде тұрамын, бер жаққа өтейiн десем, қайық кетiп қалыпты. Мен қайықты күте алмай, бiр ағашқа «қайық бол!» деп едiм, қайық болды. Сонымен бергi бетке өттiм, - дейдi.

Кәпiр ғалым iшек-сiлесi қата күлiп:

- Сен менi ақымақ деп тұрсың  ба? Ағаш «қайық бол!» десе, бола қала ма? Ол үшiн ағаш ұстасы қайықты жасауы керек қой? - деп қарсы шығады. Сонда имам Ағзам:

- О, тақсыр, қайық екеш қайық­қа да ұста керек екенiн, бi­реу жасамаса, өздiгiнен болмайтынын өзiңiз дәлелдедiңiз. Ал бү­кiл әлемнiң, адамзаттың Жаратушысы жоқ деп қалай айтасыз? - дейдi. Кәпiр сөзден тосылып, екiн­шi сұрағын қояды:    

 - Сен маған Алла Тағаланы көрсет, - дейдi.

Имам Ағзам сүт әкелдiредi де, кәпiрге:

- Мына сүтте май бар ма? - деп сұрайды.

Кәпiр ғалым:

- Бар, - дейдi.

- Соны маған көрсетiңiзшi, - дейдi имам Ағзам.

- Мен қалай көрсетпекпiн? - деп таң қа­лады ол.

- Сiз маған майды көрсете алмадыңыз. Мен сiзге әлемнiң Қожасын қалай көрсетем? Мен Оның бiр құлымын, менiң өмiрiм Оның қолында. Алла Тағала бұйырады, мен бағынамын.   Мен сiзге Алла Тағаланы көрсете алмаймын, - дейдi.

Кәпiр ғалым үшiншi сұрағын қояды:

- Қазiр сенiң Алла Тағалаң не iстеп жатыр?

Сонда Әбу Ханифа ғалымға:

- Мiнбеден түсiңiз, - дейдi. Ол түскенде  өзi мiнбеге шығып:

- Тақсыр, сiздiң дәл қазiр мiнбеден түсiп, менiң шығуым - Алланың бұйрығымен болып жатқан iс. Сiз мiнбеден түсем дегенше, мен келем дегенше, Алла жанымызды алуы мүмкiн едi.

Бүкiл әлемнiң тiршiлiгiн қамтамасыз етiп жатқан Алла Тағалаға шү­кiршiлiк етейiк, - дептi. Сонда кәпiр ғалым кiшкентай мұсылман ғалымның жауабына тоқтап, Исламды қабылдаған екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру