Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Хазреті Әбу Бәкірдің кебіні

01.04.2015 4381 0 пікір

1395302119Билал Хабеши хазреттері Расулулланың қайтыс болуынан біраз уақыт өткен соң Мұсылмандардың анасы Айша анамыздың үйіне барып есігін қағады. Сонда Айша Сыддық анамыздың іштен жылап тұрып:

– Айрылыс отымен жанып тұрған жүректің есігін қаққан кім?- деген дауысын естиді.

– Расулулланың қызметшісі Билалмын… Халіңіз қалай?

– Ей Билал! Судан ұзақта қалған балықтың халі қалай болушы еді? Бүгін түнде Расулулланы түсімде көрдім, періштелермен жүр еді. Қайда бара жатқанын сұрадым. Әкемнің рухын күтіп алуға бара жатқандығын айтты.

Хазреті Билал дереу Әбу Бәкір Сыддықтың жанына барып Айша анамыздың түсін айтып береді. Хазреті Әбу Бәкір оған:

– Алла Тағаланың атымен ант етемін, түнде мен де осы түсті көрдім. Мен қызымның қасына барайын, мені бір рет тағы көріп қалсын.

Айша анамыз әкесін қарсы алып:

– Әкешім! Саған керек болар деп таза кебін алып келдім.

– Қызым ол кебінді қоя тұр! Мұсылман болған күнімдегі киімімді маған кебін қылыңдар! Өйткені көп уақыттарымды Алла сүйіспеншілігінің берген қорқуымен жылап, көз жасымды сол киімге сүртетін едім. Алла Тағала сол көз жастарымның құрметіне бәлкім маған мейірім етер.

Хазреті Әбу Бәкір сол түні қайтыс болды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру