Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көп сәжде етіп, маған жәрдемші бол!

06.03.2015 4257 0 пікір

Хазіреті пайғамбарымыздың қызметшісі Рабиға бин Кағб әр түні Алла Елшісімен (с.ғ.с.) бірге тұрып, ол кісінің дәрет суын дайындап, барлық істерін мұқият орындайтын.

Бір күні Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз оған:

-Менен не қалайсың? - деді. Ол кісі барлық мұсылмандардың ортақ тілегі болған мына сөзді айтты:

-Иә, Алланың Елшісі! Жәннатта сізбен бірге болуды қалаймын.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған:

-Басқа қалайтын еш нәрсең жоқ па? - деп сұрады.

-Жоқ. Тек қана сізбен бірге жәннатта болуды қалаймын, - деп нақ жауабын қайырды.

Сонда пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қызметшісіне:

- Олай болса, көп-көп сәжде етіп, өз есебіңе берік болу арқылы маған жәрдемші бол!, - деді.

Әзірлеген Қайырбек Отызбаев, 
"Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру