Жомарттық дегенде аты еске түсетін сахабалардың ішінде Абдуррахман ибн Ауф та бар. Бұл қасиетін өле-өлгенше ұстанып өтті.
Осы айқын қасиеті үшін де Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігіне бөленді. Бір күні Мәдинаның көшелерінде ел көшкендей дауыстар естілді.
Мүминдердің анасы Айша (р.а.): “Бұл не?”, – деп сұрайды. “Абдуррахман ибн Ауфтың керуені ғой”, – деп жауап береді айналасындағылар.
Айша анамыз сол кезде: “Аллаһ елшісінің: «Абдуррахман ибн Ауфты Жәннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім» дегенін құлағым шалып қалды”, – дейді.
Бұл сөздер Абдуррахман ибн Ауфтың құлағына жеткен кезде: “Егер Жәннатқа түрегеп кіруге шамам жетер болса, бұл керуенді жүктерімен қоса Аллаһ жолына атадым”, – деген.
Өмірінің соңына дейін отыз мың құлды азат етіп, Бәдір шайқасына қатысқандарға төрт мың динар беруді өсиет етіп кеткен.
«Саңлақ сахабалар» кітабынан
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2015
5415
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру