Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жолдағы тікен

13.01.2015 4636 0 пікір

Бір кісі кетіп бара жатып жолдың үстінде өсіп тұрған тікенді көреді. Біреу-міреуге зияны тиіп кетер алып тастайын деп ойлағаны сол екен, мына жақтан жалқау нәпсінің үні естілді:

– Соны істеуге сенен басқа адам құрып қалып па? Тиіспе, тұра берсін. 

Бірақ ішкі ар-ұжданы қарсылық білдірді: – Жоқ, алып таста, сауап болады, Алла бұл ісіңе қуанады.

Адам кейінгі ақылды жөн көріп, тікенді жолдан алып тастады. Осы кезде нәпсі тағы бір жаман ой салды:

– Тақуа адамдар ғана осындай істер жасап жүреді. Біреу-міреу көрсе, жақсы болар еді, сыртыңнан мақтап айтып жүретін.

Бірақ ар-ұжданы тағы оң ниетке тартты:

– Жоқ, бұл сауапты істі саған істеткен Алла тағала. Сол тікенді жұлып алып, лақтыратын қуатты да берген Алла тағала. Ендеше, менменситін еш жөнің жоқ. Одан да Аллаға мадақ айт.

Осы сәт іркіліп бойын тез жиып ала қойған әлгі кісі жүректегі иман таразысының оң жағы ауыр басқанына шүкірлік етті.

Құдайберді Бағашар

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру