Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маған қара да ғибрат ал!

08.01.2015 3319 0 пікір

Құмар ойнамаса тұра алмайтын ауруға шалдыққан бір жас жігіттің арманы  әлемдегі ең мықты құмарпаз (карта ойыншысы)  атану болатын. Алға қойған мақсатына жету үшін   ұстаз іздеп бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Бірақ, біраз уақыт жолы бола қоймайды. Күндердің күнінде іздеген адамын табады.  Жасы егделеу тартқан ол:

– Балам-ay, сені мұнша құмаршы болуға итермелеп тұрған не? – деп сұрайды. Сонда жігіт:

– Мен  тез байығым келеді, – деп жауап берді. Мұны естіген құмарпаз:

– Жігітім, егер  осы жол арқылы баюға болатын болса, мен  әлдеқашан дәулеттілердің қатарына қосылатын едім.  Мен шынында да  елдің айтқанындай  мықты ойыншымын. Бірақ қазіргі жағдайым өте нашар.  Шексіз құмарлықтың  кесірінен бала-шағамнан безіп, барымнан айырылдым. Қартайған шағымда жалғыз  қалдым. Сол кездегі істеген  әрекеттерімнің жазасын енді тартудамын. Маған қара да ғибрат ал!

Дайындаған  Файзулла Тайтелиев

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі