Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халифа мен ауру кемпір

05.01.2015 2714 0 пікір

Хазреті Әбу Бәкір (р.а.) халифа болып тұрғанда, күніге кешкілік жұмыстан соң, жаяулатып қала сыртына шығып кетеді екен. Қасына ешкімді ертпейді. Қайда баратынын да, не істейтінін де тірі жанға айтпайды. Бірде оны досы Омар (р.а.) аңдиды. Сөйтсе Әбу Бәкір (р.а.) қала сыртындағы жаман лашыққа кіреді. Ет пісірім уақыттан соң шығып, қалаға қайтып кетеді. Ол кеткен соң әлгі лашыққа Омар (р.а.) кірсе, өзі ауру, көзі соқыр кемпір мен бір-екі бала ойнап отыр. Амандасып болған соң, Омар (р.а.): 

– Апа, қалай күнелтіп жатырсыз? - деп жағдай сұрайды. Сонда ауру кемпір: 

– Шырағым, көріп отырсың, тұрмыс ауыр. Әйтеуір бір мұсылман күнде келіп, азын-аулақ азық әкеліп, тамақ пісіріп, ыдыс-табақ, кір-қоңымды жуып кетіп тұрады. Оған Аллаһ разы болсын, айналайын, - депті. Мұны естіген Омар(р.а.): 

– Уа, Әбу Бәкір (р.а.) сен бізге шектен тыс меже қойыпсың. Енді қайтіп біз сенен артық сауап жинаймыз, - деп жылап жіберіпті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі