Бір күні хазірет Омар (р.а.) жиналғандардан:
- Егер тілектерің дәл қазір орындалатын болса, не тілер едіңдер? - деп сұрапты.
Сонда олардың бірі:
- Көп алтыным болса, бәрін Ислам жолында жұмсар едім, - депті.
Ал екіншісі:
- Осыншалық байлыққа кенелсем, мен де Ислам дініне пайдамды тигізер едім, - дейді.
Қалғандары да осы тектес армандарын айтады. Хазірет Омар бірақ ешбірінің жауабын құптағандай сыңай танытпайды. Көпшілік халифаның өзінің не қалайтынын сұрағанда, ол:
- Мен Муаз, Сәлім, Әбу Убәйдә секілді мұсылмандардың өскенін қалар едім. Исламға осылай қызмет етер едім, - деп, асқақ арманының қайырлы ұрпақ тәрбиелеу екенін білдіреді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.12.2014
5327
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру