Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кедейлерге деген қамқорлық

24.12.2014 4714 0 пікір

Хазірет Айша анамыз өте жомарт еді. Бірде екі баласын ертіп қайыр сұрап келген әйелге жаны ашып, берерге ештеңе таппай бір құрманы ұстатып, шын пейілімен шығарып салғаны бар.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақын досы Халифа Муауия хазірет Айшаға рамазан айында азық-түлік жіберген еді. Жіберген азығы айлар бойы жеуге болатындай өте көп еді. Айша анамыз өз үйін ойламай, келген азықтың барлығын ауылдағы жағдайы нашар отбасыларға таратып береді.

Кешке қарай көмекшісі Үммү Дүре ауыз ашарға бір нәрселер дайындамақшы болды. Қараса, үйде бірде-бір азық жоқ. Жағдайды хазірет Айшаға айтып:

- Уа, мүміндердің анасы, тым болмаса келген азықтан кішкене болса да үйге қалдырмадыңыз ба? - деді.

Хазірет Айша:

- Үммү Дүрре, мен өзімді еш ойламаппын. Және бізден де нашар тұратындар бар ғой, соншама азықты ұстап тұрғаным ұят болар. Аллаһ тағала бір жолын көрсетер. Сабыр етейік. Бүгін кешке де аузымызды сумен ашармыз.

Хазірет Айша  көмекшісімен сөйлесіп тұрғанда, есік қағылды. Үммү Дүрре есіктің аузындағы әйелді көргенде таң қалды. Ешкімге айтпай, көршілері тамақ жасап алып келіпті. Хазірет Айшаның кедейлерді ұмытпағанындай Аллаһ тағала да оны ұмытпады. Өйткені көмектескеннің көмекшісі Аллаһ тағаланың өзі болады.

Хазірет Айша мен көмекшісі Аллаһқа шүкір етіп, ауызашар асқа қол созды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру