Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тағлымды кеңес

03.12.2014 4281 0 пікір

Бір пенде мәшһүр ғалымға келіп: «Я, хакім, маған бір уағыз айт, ғылымнан бір нәрсе үйрет, сонымен амал етіп, Аллаһтың рахметіне бөленейін», - дейді.

Сонда ғалым: «Саған ғылымнан бір нәрсе үйретпес бұрын екі сұрақ қояйын. Жауап бере алсаң, тілегенің болсын.

- Алла тағала ақыретті дүниеден артық етті ме, әлде дүниені ақыреттен артық етті ме?- деп сұрайды. Пенде:

- Алла тағала ақыретті дүниеден артық етті,- деп жауап берді. Ғалым:

- Сен ақыретті дүниеден артық көремісің, әлде дүниені ақыреттен артық көремісің?

- Мен дүниені ақыреттен артық көремін.

- Пайғамбарымыз хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) байлардан кедейлерді жақсы көрді ме, әлде кедейлерді байлардан жақсы көрді ме?

- Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кедейлерді байлардан жақсы көрді.

- Сен, кедей мен байдың қайсысын жақсы көресің?

- Әрине, байларды көбірек жаратамын.

Осыдан кейін барып ғалым:

- Рас айттың, бәрәкәллаһ! Сен, Алла тағала сүйген нәрсе мен Расулаллаһ (с.ғ.с.) сүйген нәрсені біледі екенсің. Уағыз насихатқа ықыласың бар көрінеді. Енді өзіңнің пендешілік райыңнан қайт. Ақыретті дүниеден, кедейлікті байлықтан артық жақсы көр. Сонда Алла тағаланың сүйген құлдарынан болып, жәннаттық боларсың! - деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру