Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ең абзал іс

28.11.2014 4579 0 пікір

Пайғамбарымыздың  ﴾ﷺ﴿: «Кім Аллаға және қиямет күніне сенсе, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін»,- деген хадисті естіген бала үндемей қояды.

Әкесі дәрігерге қаратады. Ол: «Балаңның ешқандай ауруы жоқ, бірақ зеріккен болар,серуендет»,- дейді.

Серуендеп жүргенде шиқылдап қоймай қойған тотықұсты әкесі ұстап алып, торға салып қояды. Сонда бала тотықұсқа: «Сен үндемей-ақ, шиқылдамай-ақ қойғанда тор-қапасқа түспес едің»,- дейді. Мұны әкесі естіп қояды да: «Сен сөйлей алады екенсің ғой, адамды құр босқа әуре-сарсаңға түсіріп жүр екенсің ғой»,- дейді де, баласын шапалақпен тартып жібереді.

Сонда бала: «Мен сөйлемесем, мен де пайда табатын едім, сөйлеймін деп таяқ жедім»,- деген екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру