Жас жұбайлардың жаңа үйге көшкен кез. Таңертең жастар шәйға енді тұрса, көршілері жуылған кірлерді балконына жайып үлгіретін.
Жас әйел күйеуіне 'Қарашы, кірлерді таза жумапты, түһ кір жууды да білмейді, арзан сабынмен жуған шығар' депті. Күйеуі бетіне бір қарап, үндемей таңғы асын іше беріпті. Бір ай бойы әйел көршісінің кір жуғанын көрген сайын айтқан сөзін қайталай беріпті. Бір күні қараса - көрші кірін тап-таза ғып жуып қойыпты. Аңтаң болған әйел 'О-о, мынаны қара! кір жууды ақыры үйреніпті ғой, кім үйретті екен...' десе, 'Мен таңертең сәл ертерек тұрып, терезелерді сүртіп шықтым' депті күйеуі.
Басқаларды қалай көретініміз - тереземіздің тазалығына байланысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.11.2014
5021
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру